Масондар ұйымы деген не, масондықтар деген кім?

Масондар ұйымы деген не, масондықтар деген кім?

Осыдан бірер күн бұрын отандық БАҚ бетінде Алматыда Алаш көсемі Әлихан Бөкейханов атындағы Масондар ұйымының бөлімшесі ашылғаны туралы ақпарат тараған болатын.
Онда Ресейдегі масондық бөлімнің шебері Андрей Богданов өзінің Facebook-тегі парақшасына Алматыда өткен масондардың құпия бөлімінің отырысындағы суреттерді салған.
Суреттерден белгілі болғандай, отырыс Алматы маңындағы “Ақ Бұлақ” таулы шипажайында өткен.
Суреттен құпия бөлім мүшелерінің түрлерін айқын көруге болады.


Мақсат-мүддесі қазақ қоғамына мүлде түсініксіз бұл бөлімшенің ашылуынан қазақ қоғамы не нәрседен ұтылып, не нәрседе ұтылуы мүмкін, жалпы мұндай ұйымдардың қызметі қаншалықты заңды екенін білмек ниетпен белгілі саясаттанушы, қоғам белсендісі Айдос Сарымға хабарласып, мән-жайды анықтауға тырысқан едік.


«Қоғамда масондарға қатысты қате пікір қалыптасқан. Шын мәнінде масондықтар әлемді басқарған да емес.Ол ұйымның негізгі мақсаты - әр елден бөлімшелер ашып, жергілікті кәсіпкерлерден ақша жинау. Кей кездерде ұйым мүшелігін сату арқылы да ақша жасайды. Жиналған қаржыға масондар ұйымына қабылданатындар үшін арнайы киім-кешек тіктіріп, күнделікті жүріп-тұруларына қажет шығындарды жауып отырады», - деді Айдос Сарым.


Оның айтуынша, әлемде бұл ұйымнан бөлек Сакрат, Платон секілді ұлы ғалымдар атымен аталатын ұйымдар да жұмыс істейді екен. Ал олардың атқаратын қызметінің бағыты әр түрлі болғанымен жұмыс істеу тәсілі бір. Яғни олардың барлығы кәсіпкерлерді иландыра отырып, ақша жинау арқылы қоғамда тың бастамалар, шынайы өзгерістер енгізіп жатқандай әсер қалдыруды көздейді.


Өкініштісі масондықтардың Қазақстан бойынша ашып отырған бұл бөлімшесіне ұлт көшбасшысы Әлихан Бөкейханов есімінің берілуінде болып отыр. Айдос Сарымның сөзіне қарағанда, Әлихан Бөкейханов Алаш Орда үкіметін құруға талпынған шақта бұл ұйымға мүшелікке кіргені рас. Алайда арада бірер уақыт өткенде ол ұйымнан қазаққа келіп-кетер пайда болмайтынын ұққан бойда мүшеліктен саналы түрде шығып кеткен.


Қоғамда қазақ ұлыларының есімін пайдаланып, өздерінің жымысқы саясатын жүзеге асыруға талпынғандарға қатысты бұл алғашқы оқиға емес.


Естеріңізде болса өткен жылы ғаламторда қазақтың күйшісі Құрманғазы мен орыстың ақыны Пушкин сүйісіп тұрған жарнама жарияланғаннан кейін, қоғамда шу шыққан болатын.


Олт уақытта әлеуметтік желі пайдаланушылары мұны қос елдің ардақтысын қорлау деп бағаланған. Мұндай бассыздыққа бей-жай қарап қалмаған бірқатар белсенді азаматтар мен Құрманғазы ұрпақтары ол постерді жасаушыларға қарсы арызданып, сотта жеңіп шыққан болатын. Және айыпталушыларға 34 млн теңге мөлшерінде өтемақы төлеу міндеттелген болатын.




 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста