Павлодардағы СПИД орталығы мүшеқап сатып алу үшін 20 млн теңге сұрап отыр

Павлодардағы СПИД орталығы мүшеқап сатып алу үшін 20 млн теңге сұрап отыр

Қазақстанның zakupki.kz‎ сайтында Павлодар облысындағы ЖҚТБ дертімен күрес және алдын алу орталығы қорғаныс құралдарын сатып алуға 15,5 млн теңге бағытталатыны туралы мәлімет жарияланды. 

Қомақты қаржының 10 млн теңгесі бірлігі 50 теңге тұратын мүшеқаптарды, ал 5,5 млн теңге бірлігі 20 теңге тұратын құралдарға жұмсалмақ, - деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыстық СПИД-орталығының бас дәрігері Айтқазы Жапарбаев мүшеқаптардың бағасы олардың сапасына байланысты екенін айтты.

Бағасы арзандау мүшеқаптар есірткі қолданатын азаматтар мен сотталғандар арасында таратылады.

Ал берік құралдарды гомосексуалистер мен сексиндустрия жұмыскерлері талап етеді екен.

Бас дәрігердің мәліметінше, ағымдағы жылы СПИД орталығы тұрғындардың әлжуаз топтарына арналған 475 мың мүшеқап сатылып алынған.

"Өкінішке қарай, әлжуаз топтардағы азаматтарды қорғаныс құралдары және инелермен толық қамтамасыз етуге мүмкіндік жоқ. Аталмыш топтағы тұрғындардың 70-80%-ын қамтамасыз етсек, бұл – жақсы көрсеткіш. Қазіргі таңда мүшеқаптардың 475 мың бірлігі сатып алынады. Олардың 200 мыңы – сапалы, 275 мыңы - сапасыз санаттағы құралдар", - дейді бас дәрігер.

Контрацепция құралдарын сатып алуға биыл 15,5 млн теңге жұмсалды.

"Айта кетерлігі, әлжуаз топтағы азаматтарды мүшеқаптармен қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын 1,2 млн мүшеқап талап етіледі. Біз бұл қажеттілікті өтей алмаймыз, сондықтан 2015 жылы облыстық бюджеттен 20 млн теңге бөлу туралы өтініш білдірдік. Осы уақытқа дейін аталмыш өнімдер Жаһандық қор тарапынан бөлінетін, енді қорғаныс құралдарын сатып алумен өзге қаржы көздері айналысады", - дейді Айтқазы Нұрғазыұлы.

Маман жағдайды жедел бағалаудың (ЖЖБ) статистикалық мәліметтері бойынша Павлодар өңірінде сексиндустрия саласының 750-ге жуық жұмыскері бар екенін тілге тиек етті.

"Бірінші көне мамандық" иелерінің қажеттіліктеріне жыл сайын 1060 мүшеқап керек. Осылайша, сала мамандарына ғана жыл сайын 795 мың мүшеқап қажет. Десе де олар сапасыз құралдардан бас тартуда", - дейді облыстық СПИД орталығының бас дәрігері.

NUR.KZ

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста