Қысқа юбка мен тыртысқан шалбардың зияны

Қысқа юбка мен тыртысқан шалбардың зияны

Қазақстандық бойжеткендер киіп жүрген киім олардың денсаулығына аса зиян.

Бұл туралы Намыс порталы жазады.

“Қысқа етек! Тар киім! Шорты-порты! Осылардың қыз баланың өміріне өте-мөте зиян екенін медициналық, физиологиялық, анатомиялық, қоғамдық-әлеуметтік тұрғыдан жан-жақты ғылыми түрде зерттеп, елге ұсына алатын бір журналист бүгін ауадай қажет болып тұр. Өйткені көшелер қаптап кетті. Солардың бірі қарындасымыз, бірі қызымыз емес пе? Не деген немқұрайлылық!”, – деп жазады автор.

Бүгін қыздарымыз киіп жүрген киім оларға өте-мөте зиян ғой. Соны біліп тұрып неге айтпаймыз? Мысалы, джинсы қыз баланың омыртқасына өте зиян екенін бүгінде біреу білсе, біреу білмеуі мүмкін.

“Қысқа етек киетін, ешқашан ұят туралы ойламайтын қыз балалардың бойынан әйелге тән гармониялардың да азайып кететіні мәлім. Нәзіктік жоғалады, дауыс жуандайды, сыпайылық мінез жойылады, ұрысқақтық пен ашушаңдық қалыптасады, дөрекі сөздер қысылмай айтылады, нәпсіқұмарлық ерекше дамиды, бөтен еркектен қымсыну мінезі кетеді”, – деп жазады мақала авторы.

Киім – адамның ішкі рухының көрінісі саналады. Ішінде не болса, адам соны киген киімі арқылы да сыртқа паш етеді. Қазақтың иманды, ибалы, ары таза, пәк қыздары киіміне міндетті түрде мән беруі керек.

“Бұл айтылғандар біздің жеке ойларымыз ғана. Бірақ осы тақырыпты жақсылап тұрып зерттеп, халыққа түсіндіру нағыз күн тәртібіндегі мәселе деп ойлаймын. Қазақ қыздарының тағдырын өз ағалары уайымдамаса, өзгелер келіп, біздің жоғымызды түгелдеп бермесі хақ”, – дейді автор. 

nur.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста