Сұлулық құрбандары...

Сұлулық құрбандары...

Аққу мойын, қыпша бел, аққұба жүз десе көз алдыңызға нендей сұлулар елестер еді? Сұлу десе сұлу, ə?! Ендеше қиялыңыздың күл-талқанын шығарайық. Сіз тап осы сұлулық жолында адам сенгісіз құрбандыққа барған ессіздер жайлы не білесіз? Сəтсіз өткен пластикалық оталар ма? Жоқ а! Əңгіме одан да ертерек дəуірден өрбиді...

Қыпша белін қынаған қылықтылар

Корсеттің белді қатты қысып тастауы сырт көзге əдемі көрінетін шығар. Бірақ оның іш құрылысының зақымдануы ешкімді, тіпті сол арулардың өзін де алаңдатпаған көрінеді. Салдарында қабырғалары қайысып, ішектері жабысып, жатыр, бауыр мен бүйрегі сығымдалып, езіліп, соңы ерте келген өлімменен аяқталады.

Радиоактивті жақпа майлар

1930 жылдар Францияда осы бір құрамында хлор торы мен бром бар радиоактивті жақпа майлар арулардың назарын өзіне еріксіз аударды. Жарнамасы да жер сілкіндірердей-ақ: «бет терісін тегістейді, қара дақтар мен безеулерден тазартады, теріні ылғалдандырады, қызаруды басады жəне əжімнен құтылуға көмектеседі». Расымен де солай еді. Арулардың бұл кремге деген махаббаты тек жақ сүйектеріне зақым келе бастағанда ғана тоқтады.

Қорғасын опа

1700-жылдары сұлулар бет терісінің реңіне өте көңіл бөлді. Олардың арасында бетінде безеу, жараның орыны қалғандардан ұзақ өмір сүргендері саусақпен санарлық. Басты себеп сол уақыттарда пайда болған қорғасынды опалар болатын. Ол бет терісіне қонымды əрі қолжетімді болды. Дегенімен оны пайдаланған уақытта қорғасын уымен тыныстаған арулар қартайып үлгерместен сол бір сұлу қалпында жер қойнына тапсырылатын. Күшəланың күші

ХІХ ғасырдың бел ортасында сұлулыққа тағы бір қадам жақындау үшін күшəла ішу де сəнге айналған болатын. Көзінде от ойнап, өңі аққұбаланып, дене сымбатын сақтау үшін толып жатқан қауіпсіздік шараларын сақтай отырып күлімкөздер күшəланы(мышьяк) да ішті. Бірақ бұл да бір есірткі. Бір ішіп бастаған соң өмір бойы қоя алмайсың. Əрине, өмірің ұзаққа созылса. Бірақ əңгіме сұлулық жайлы болғанда күшəла ішу деген қиын болып па?

Белладона

«Белладона» атауы «сұлу əйел» мағынасын ашады. Бұл да аз уақытқа болсын сұлулардың сүйікті өсімдігіне айналған. Себебі жемісінің шырынын тамызғанда адам көзін ерекше жайнатып, қарашығын үлкейтіп көрсететін. Тек бұның өтеміне еске сақтау қабілетінен айырылып отырған.

«Аяғы кіші сүйгенін киеді, аяғы үлкен тигенін киеді»

Бұл сөзбен тура осы жерде келіспей қоя тұруыңызға əбден болады. Себепті көне қытай «лотос аяқтары» əңгімелейді. Кішкентай күнінен пяқтарын орап – матап қойғандықтан аяқ дұрыс өспей, өз қалпын жоғалтса да кішкентай өлшемінде қалып қояды. Ал көне қытайда аяғы кішкентай қыздар ең сұлу болған. Бірақ бұл күндері қытайдан ондай сұлуларды табу қиынның қиыны.

Аққу мойынды арулар

Бұндай аққу мойындар тек қана бір жерде, Мьянмадағы Kayan тайпасында ғана бар. Қыз бала бес жасқа тола салысымен мойнына алты қатар шеңбер тағылады. Жыл өткен сайын шеңбер үстіне шеңбер қосып, уақыт өткен сайын мойынын ұзартуға тырысады. Бұл олардың сұлу көрініп, тұрмысқа сəтті шығуына себеп болмақ.

Салпыерін сұлулар

Жаңағы аққу мойын арулардан да өткен сұлулықты көрдіңіз бе? Көрмесеңіз көрсетейік. Африканың кезекті тағы сұлулығы Мурси мен Сури тайпаларында сақталған. Қыз бала алтыға толғанда оның астыңғы ернін иек терісінен ажыратып екі езуіне дейін тіліп тастайды. Жараның аузы біте сала жырықтың өлшемін үлкейті түседі. Аздаған уақыттан соң сол орынға осындай тəрелкелерді салып қояды. Жыл сайын оның да көлемін барынша үлкейтіп, тұрмысқа шыққанша тағып жүреді. Бұл қыздардың ерніне қаншалықты үлкен тəрелке сиятын болса, соншалықты сұлу болмақ.Талғамға талас жоқ деген осы шығар!

Ішектегі ішкіш тұрғын

Көптеген сəн əлемінің еңбексіз сымбатын сақтауға талпынған сұлулары адам жағасын ұстататын қадамға бара алған екен. Ол үшін өз ішегіне паразит жіпше құрттың жұмыртқасын жіберіп, ішекте қолдан құрт өсірген. Нəтижесінде ішкен тағамның бүкіл құнары адам ағзасына емес, құртты өсіруге кеткен. Ару да арық, құрт та тоқ. Жəне оны қалаған уақытта алып тастауға мүмкіндік болған. Бірақ өз ішегіңіз де ұзындығы 30 метрге тарта шұбалаң құрттың жыбырлап жүргенін елестетіп көріңізші?

Құрбан болған қабырғалар

Корсеттің белін қынаған күшіне қанағаттанбаушылығы кеуде қуысындағы ең астынғы екі қабырғасын құрбандыққа шалумен аяқталды. Салдары ма? Өкпеге, бүйрек, бауырға зақым келуі жəне ең бастысы – қыршыннан қиылған ессіз ғұмыр. Мінекей, əлемді сұлулық құтқаратын болса, мынандай қадамға барған сұлуларды ешкім құтқара алмаған. Себебі қанағатсыздық ешқашан да ешкімге опа бермеген. Ал егер сол уақыттарда пластикалық ота болғанда, арулар соншама сұмдыққа бармаған болар еді. Дегенімен пластикалық ота да тығырықтан шығар жол емес. Мəселе бұйырмаған əсіре сұлулыққа құмарлықтың қауіптілігінде. О баста Алла əйел адамды сонша сұлу етіп жаратты. Ал оған қанағаттанбағандардың жағдайы əлгіндей болды. Сондықтан да сыртқы сұлулыққан гөрі ішкі сұлулыққа ұмтылып, жүрекке иман, миға білім, көзге ұят, ерінге жылы сөздер мен шүкіршілікті жарастырыңыз. Денсаулығыңызды күтіңіз. Өйткені сіз ақаусыз денсаулығыңызбен де сұлусыз! P.S: Барлық аруларды бүгінгі күнгі халықаралық сұлулық күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Айдана Қайсарбекқызы

qamshy.kz

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста