Сыбайлас жемқорлыққа қарсы семинар өтті
Сыбайлас жемқорлық қоғамымыздың қауіпті дерті болғандықтан онымен күрес күн өткен сайын күшейіп келеді. Осы орайда жақында Алматы қаласы Әуезов аудандық сотында "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл" атты семинар өтті. Бұл туралы Алматы қаласы Әуезов аудандық сотының баспасөз қызметі хабарлайды.
Сонымен қатар, жиында баяндама жасаған мамандар қылмыстық-құқықтық саясатқа тоқтала келе, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған лауазымды тұлғаларға қатаң жаза қаралғандығын және бұл жаңа Қылмыстық кодексте іске асырылып жатқандығын жеткізді.
Сондай-ақ, мамандар «100 нақты қадам» Ұлт жоспары туралы айта келе және оның еліміз үшін маңызды құжат екенін түсіндірді. Жемқорлық мәселесінің Ұлт жоспарында да ұмыт қалмағанын атап өтті.
Семинарға қатысушылар институционалдық реформаға қатысты өз ойларын білдіріп, Елбасымен берілген тапсырмаларды орындау және шешу жолында тізгін басында тек қана туған елінің өркендеп өніп-өсуі үшін шынайы патриоттар, кәсіби шеберлер қалатындығы туралы айтылды.
Әңгіме барысында қозғалған мәселелер жан-жақты талқыланды. Іс-шара соңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта видеороликтер көрсетіліп, сауалнама жүргізілді. Өткізілген іс-шараны қорытындылап, алдағы уақытта тығыз байланыста жұмыс жасайтындықтарын жеткізді.
Семинарда сыбайлас жемқорлықтың салдары, қоғамымызға зияны жан-жақты талқыға түсіп, мамандар пікірімен сараланды. Жиын барысында Алматы қаласы Әуезов аудандық сотының кеңсе менгерушісі Бегманов Арсен Айнақұлұлы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл» жиынына арналған баяндама жасады. Сот қызметкерлері жемқорлықпен күресті күшейту, сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы заңнаманы қатайту, сотта үнемі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында өткізілетін іс-шаралар бойынша өз ойларын ортаға салды. Жалпы, семинар кеңесте қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, тиімді нәтижелерге қол жеткізу үшін ұсыныстарын айтып тарқасты. />
Қуаныш Ермекова