Жаңа жылды қай нүктеде екі мәрте қарсы алуға болады?
Бір жерде тұрып, Жаңа жылды екі мәрте қарсы алуға болатыны рас па? Рас болса, Жаңа жылды қай жерде екі рет қарсы алуға болады?
Чукотка мен Аляска ортасындағы Беринг бұғазында орналасқан Диомид аралдары бар. Үлкен Диомид (Ратманов аралы) Ресейге тиесілі болса, Кіші Диомид (Крузенштерн аралы) АҚШ-тың құзырына қарайды. Осы екі аралдың арасынан мемлекет шекара ғана емес, даталар, уақыт ауысуы өтеді. Сонымен, Үлкен Диомид аралдарында тұрып жатқан солдаттар Жаңа жылды қарсы алатын болса, одан төрт шақырым қашықтықтағы Кіші Диомид аралына барып, Жаңа жылды екінші мәрте қарсы алуға болады. Ресей мен АҚШ-тың арасындағы ерекше келісімдерге сай, аталған екі аралда Жаңа жылды екі мәрте қарсы алу үшін виза соқтырудың қажеті жоқ екен.
Елдос ӘБДІБЕК.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу