Көкпар кімнің ұлттық ойыны?

Көкпар кімнің ұлттық ойыны?

Ат спорты ойындарының бұл түрі тек қазақта ғана емес, Орталық Азияның ауған, қырғыз, өзбек, тәжік сияқты өзге де халықтарында бар. Тіпті оған ұқсас ойының сонау Аргентина елінде де болғанын зерттеушілер анықтап берді. Сол себепті көкпар кейбіреулер айтып, жазып жүргендей тек қазақтың ұлттық ойыны ма? Атауы әртүрлі болғанымен оның мақсаты мен мазмұны барлық елде ұқсас. Сондықтан 2 мың жылдық тарихы бар бұл ойынды ешкім өзімдікі деп айта алмайды. Түркі дәуірі мен орта ғасырда жауынгерлердің әскери машығын шыңдаудың бір құралы ретінде көрініс тапқан бұл ойынның соңғы 1,5 ғасырда мақсат-міндеті біршама өзгеріске түсті. Оны ат спорты ойыны ретінде қайта жаңғырту бағытында халықаралық «Көкбөрі» федерациясы соңғы жылдары бірқатар игі бастамаларды қолға алды. 2013 жылы Астанада өткен алғашқы Азия чемпионаты соның нақты айғағы. Әйтсе әттеген-ай дейтін тұстар әлі де аз емес. Атқарылған шаруаға тоқмейілсіп отыруға болмайды. Бұл үшін не істеу керек?

Көкпарды қалай дамытамыз?
Өзгені қайдам өз басым көкпардан қазір телеарнадан көрсетіліп жүрген ұлттық чемпионат пен өзге де жарыстарға көңілім әлі толмайды. Өйткені ондағы көрсетілімдердің нәтижесі көңіл көншітпейді. Өзге спорт жарыстарындағыдай көрермендердің ойынды талқылап, ол туралы өз пікірін білдіріп жатқанын байқап жүрген жоқпын. Бұған не кедергі?
Біріншіден, көкпарды атшабарда өткізу арқылы біз оның аясын тарылтып алған сияқтымыз. 1958 жылдан бергі кезеңде тек командалық сипатта өткізіле бастаған көкпардың бірте-бірте мәре көкпардан өзге түрлері ұмытыла бастады.
Екіншіден, түрлі деңгейдегі жиын-тойларда өткізілетін көкпардың жаппай тартыс пен айналма түрлерінің де аясы өте тар.
Бұл олқылықтарды түзету үшін алдымен көкпарды дамытудың тұжырымдамасын жасау қажет сияқты. Бұл үшін бірінші тарихты қайта ақтарып, оның ұмыт қалған кем-кетігін түгендеп, оны заман талабына сай қайта жаңғыртсақ көкпардың болмыс-бітімі ашылары хақ. Көкпардың жаппай тарту, ұтысып тарту, дода көкпар, айналма көкпар, мәре көкпар, тақым тартыс сияқты түрлерін қатар дамытқан жөн секілді. Оның жаппай тарту, айналма көкпар сияқты түрлері ауылдық жерде жақсы сақталған. Үлкен-кіші демей азаматтың бәрі бірдей қатысатын жаппай тарту мен көкпарды ауылдағы нақты бір үйге жеткізу арқылы сыйлыққа ие болатын айналма көкпар еліміздің барлық жерінде кең қолданылады. Ал ойыншылардың екі топқа бөлініп, ортаға бір-бір адам шығарып өзара тартысу кезінде жеңілгенін ойыннан шығаратын ұтысып тарту мүлде ұмыт қалған. Ондағы мықты көкпаршының қарсыластарын жеке-жеке сайысқа шақырып, бір команданың ойыншыларын бір өзі ғана ойыннан шығарып тастайтын кейбір сәттері көрермен үшін ерекше қызықты болары күмәнсіз. Мұндай сайысты халық көп жиналатын орындарда қайта жаңғыртатын болсақ ойынның танымалдығы артып, туристер мен саяхатшылардың тартудың да мүмкіндігі туар еді. Өйткені қазір ойынға қатысушылардың қай тобы қазандыққа салымды көп салса сол тобы жеңімпаз атанатын мәре көкпар ғана түрлі деңгейдегі жарыстарда кең қолданылып жүр. Алайда көкпардың көрермен үшін тартымдылығын, танымалдығын арттыруда бұл жеткіліксіз болуда. Сондықтан телеарналар арқылы және түрлі мерекелік шараларда көрсетілетін жарыстарда көкпардың ұтысып тарту сияқты түрін қолданысқа енгізу қажет. Оны 2017 жылы өтетін ЕХРО көрмесі аясындағы спорттық және мәдени-көпшілік шаралардың бағдарламасына да кіргізуге болады. Жігіттердің білек күші ғана емес, ептілігі, алғырлығы, жүректілігі сынға түсер бұл сайыстың нәсіліне, ұлтына, жынысына, жасына қарамастан барлық көрерменді өзіне жылдам баурап алары күмәнсіз. Бұл жоқтан бар жасап, ойдан-қырдан құрастырып, түрлі шоуларды ұйымдастыруға қомақты қаржы жұмсап жатқан телеарналар үшін де көрермен жинаудың ең оңтайлы бір жолы бола алады.
Бұл жоба сәтті болып жатса жаяу көкпар мен жас балаларға арналған есек көкпарды да дәл осындай жолмен шоуға айналдыруға мүмкіндік бар. Егер сұраныс артып, қажеттілік туып жатса оны спорттық жарыс ретінде жан-жақты насихаттайтын болсақ көкпаршының әлеуметтік мәртебесі өсіп, жастарды ерік-жігерін шыңдап, отаншылдық рухын дамытуға бұл жобалардың қосар үлесі қомақты болмақ.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста