Қайрат Ахметов «Қазақ» деген лақап атты өзім таңдадым

Қайрат Ахметов «Қазақ» деген лақап атты өзім таңдадым

Соңғы жылдары елімізде ережесіз жекпе-жек қарқынды түрде дамып келе жатқаны спорт жанкүйерлеріне белгілі. Спортшылардың халықаралық ареналарда ел намсын қорғау үшін «Алаш Прайд» деген кәсіпқой клуб та ашылған. Бүгінгі таңда көптеген жас жеткішшектер осы клуб сапынан түлеп ұшып, шет елдерде Қазақстанның көк туын биік көтеріп жүр. Олардың қатарында Қуат Хамитов, Ержан Естанов, Қайрат Ахметов сынды жігіттер бар. Соңғы атап өткен спортшымыз Қайрат Ахметов жанкүйерлер қауымына «Қазақ» деген лақап атымен жақсы таныс. Өткен жылы ережесіз жекпе-жектен Азия чемпионы атанған Қайратқа тіпті UFC лигасының мамандары да көз қырларын салып жүр деген ақпарат шықты. Осы орайда «Алаш айнасы» газетінің тілшісі «Қазаққа» хабарласып, осы және өзге де сауалдардың жауабын алған еді.

-    Қайрат, әңгімемізді әріден бастасақ. Оқырмандарға ережесіз жекпе-жекке қашан және қалай келгендігің туралы айтып берсең ...
-    Мен ережесіз жекпе-жекке 2011 жылы келдім. Ал, оған дейін 11 жасымнан бастап грек-рим күресімен айналысып, біршама жақсы нәтижелерге қол жеткізген де болатынмын. Бірақ, жастайымнан ережесіз жекпе-жектегі нөмірі бірінші турнир болып саналатын UFC лигасының жекпе-жектерін касетадан тамашалап, жинап жүретінмін. Сол кездерде жекпе-жекке деген қызығушылық оянды. Балалық арман десек те болатын шығар. Сол уақыттан бергі мақсатым да осы жекпе-жек әлемінде биік нәтижеге қол жеткізу болды. Жекпе-жекке қалай келгенімді айтатын болсам, бір күні ойда түк те жоқ досымның үйінде шәй ішіп отыр едік, Оңласын деген досымның әкесі келіп, «Жекпе-жекке дайынсындарма? Мен сендерді спаринге алып барамын», - дейді. Сөйтіп Оңласын аға Қуат екеумізді, қазірзі лақап аты «Найман» Кристалл деген клубқа алып келді. Ол жерде Қуат екеуміз спарингке шыққан қарсыластарымыздың барлығын жеңдік. Соден кейін болар, сол клубтың бапкерлері бізді жаттығу жасауға шақырды.
-    Жалпы жекпе-жекті тамашалап отырсақ, спортшылар жарақат алып жатады. Тіпті кейбіреулері кездесу аяқталған соң өз аяқтарымен тұрып кете алмайтын халге жетеді. Осының бәрін бала кезіңнен тамашалап өсіпсін. Жекпе-жекке келер алдында қорқыныш сезімі болмады ма? Бұл спорта сен өз еркіңмен келдің бе?
-    Шынымды айтсам, менде ешқандай қорқыныш болған. Әркімнің өз арманы бар ғой. Жоғарыда айтқанымдай, менің арманым ережесіз жекпе-жекке келу болды.
Бұл спортқа да мені ешкім де қинап алып келген. Өз еркіммен келдім.
-    Сенің жанкүйерлер арасында «Қазақ» деген лақап атың бар екенін білеміз. Бұл атты өзің таңдадың ба, әлде жанкүйерлерің қойып берді ме?
-    «Қазақ» деген лақап атты өзім таңдадым. Неге дейсіз ғой, себебі, басқа елдерге барғанда қазақ деген кім екенін көрсету, көп жерлерде қазақ деген халықты таныту үшін дәл осы атты таңтадым. Құдай қаласа, алдағы уақытта қазақты бүкіл әлемге мойындатқым келеді.
-    Жуырда ережесіз жекпе-жектен Азия чемпионы деген атаққа қол жеткіздің. Чемпиондық атаққа жапониялық спортшы Ватанабемен таластың. Бұл кездесу қалай өтті?
-    Бұл кездесуге мен өте жақсы дайындықпен келген болатынмын. Дәнеш Дүнгенбаев бапкеріммен жаттығу барысында еш жерден өзімді аямай тер төктім. Жекпе-жек Қазақстанда өтті, оның үстіне Азия чемпионы деген атақ сарапқа салынды. Сол үшін қолымнан келгенімше төбелестім. Алғашында жапондық қарсыласым мені аздап менсінбеген секілді. Бірақ, мен кездесу барысынла «үйдің иесі» кім екенін көрсеттім деп ойлаймын. Осы орайда пайдаланып, сол кездесуде мені қолдаған барлық жанкүйерлеріме алғысымды білдіргім келеді.
-    «Алаш прайд» командасында бірнеше жыл өнер көрсеткен Қуат Хамитов бүгінде Үндістандық RUFF лигасында өнер көрсетіп жатыр. Сенің шет елге шығып, басқа лигаларда өнер көрсетемін деген ойың бар ма?
-    Әрине, бар. Қазіргі таңда мен Арман есімді досым екеуміз Грек Джексонның командасында жаттығу істеп жүрміз. Бұл бапкердің бастамасымен біз күніне, 4 тіпті 5 мәрте жаттығу өткізетін кездер болады.  Басқа лигаларға келетін болсақ, ұсыныстар түсіп жатыр. Мысалы, маған осы жақында ғана Bellator лигасынан ұсыныс түсті. Мен сегізбұрышта 57 келі салмақта шығып жүрмін ғой. Ал, Bellator лигасында бұл салмақ жоқ екен. Егер, мен ол жаққа ауысатын болсам, салмағымды 61 келіге дейін өсіруге тура келеді. Осы жәйтті әлі де ойлану үстіндемін.
-    Ал, ережесіз жекпе-жектегі ең мықты турнир саналатын UFC лигасында өнер көрсету туралы ойламадың ба?
-    Ойландым. Бірақ, UFC лигасынан мені бақылап жүргендер де бар. Дегенмен нақты ұсыныс әлі түскен жоқ.
-    Қайрат, егер ережесіз жекпе-жекке келмесең, басқа қандай жолды таңдайтын едің?
-    Егер ережесіз жекпе-жекке келмесем, күресті жалғастырып, Олимпиада ойындарына баруды мақсат қылар едім. Бірақ, кім біледі, бәрі бір Алланның қолында ғой.
-    Соңғы сұрағым болсын, алдағы уақыттағы жоспарларыңмен бөлісе кетсең ...
-    Алдағы уақытағы жоспарым, жаттығуларымды тиянақты жасап, UFC лигасында өнер көрсету.
-    Әңгімеңе рахмет! Алдағы уақыттарға сәттілік тілеймін!

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста