Таяқ тарту орталығы ашылды

Таяқ тарту орталығы ашылды

Алматыда ерекше спорттық орталық ашылды. Орталықтың атауы да өзгеше – «360 CENTER». Алматыдағы «Halyk Arena» спорт кешенінде орнадласқан бірегей спорттық орталықтың құрамына  «Таяқ тарту» академиясы, «3D FITNESS» - отбасылық фитнес бағдарламасы, бейімделген спорт түрлері бойынша спортшылар мен жаттықтырушыларды даярлау топтары кіреді.

«360 CENTER» орталығының директоры Павел Фитисов Мас-Рестлинг бойынша ҚР құрама командасының жаттықтырушысы, халықаралық дәрежедегі төреші. Ол 2013 жылдан бері команда құрамындағы спортшылармен бірге әлем чемпионаттарында елімізді әлемге танытып келеді. Жаттықтырушының шәкірттері Қазақстан және Азия чемпиондары.

Алматыдай алып шаһарда халыққа пайдалы орталық ашуды мақсат еткен Павел Викторовичтің алға қойған мақсаты зор.

«Спорт адамның ағзасын ғана шынықтырып қоймай, мінезінің қалыптасуына, алға қойған мақсаттарына ұмтылуына әсер етеді. Спортпен айналысқан адам белгілі бір биікке жетуді армандайды. Орталығымызды «360 CENTER» деп атауымыздың себебі де осы. Біздің орталыққа келген әр адамның тек физикалық жағынан ғана емес, жан-жақты дамығанын қалаймыз. Тәнмен бірге жан да азық алғысы келеді.  Әрине, барлық адамның спортшы болғаны жақсы, бірақ спортшының адам болып қалғаны одан да маңызды. Сондықтан біздің мақсатымыз адамдардың дені сау әрі бір бірімен дұрыс қарысм қатынас жасай алатындай деңгейге жетуіне себепкер болу», - дейді  ол.

Орталықтың ашылуы кезініде «360 CENTER» командасы өздерінің негізгі бағыты туралы егжей-тегжейлі баяндап берді.

 Спорт орталығының бір бағыты жаттықтырушыларды тәрбиелеуге арналып отыр. Орталықта «3D Institute. USA» халықаралық институтының лицензиялық бағдарламасы бойынша жаттықтырушылар мен дене шынықтыру мұғалімдерін оқыту, біліктілігін арттыру жолға қойылмақ.  «Жаттықтырушы деген кім? Ол адам өміріне әсер етуші тұлға. Кейде қарапайым адамнан, ата-анадан гөрі жаттықтырушының әсері баланың, жалпы адамның өиірінде өте зор болады. Айталық баланы анасы таңертең ерте тұруға, уақытында тамақтануға үйрете алмауы мүмкін, ал бұл жаттықтырушының қолынан келеді. Өйткені жаттықтырушының әр сөзі, іс-Өйткені жаттықтырушының әр сөзі, іс-әрекеті өзгеге үлгі. Сондықтан жаттықтырушылардың да жан-жақты дамығанын қалаймыз», - дейді орталық басшысы.

Орталықтың келесі бағыты - «Таяқ тарту» академиясы. Бұл спорт түрі елімізде өте жылдам, қарқынды дамып келеді.  Таяқ тарту (Мас-Рестлинг) – қазақтың ұлттық спорт түрлерінің бірі. Бүгінде бұл спорт түрі әлемнің 50-ден астам елдерінде кәсіби түрде дамыған. Жыл сайын әлем чемпионаты мен әлем кубогы ұйымдастырылып келеді. Сондай-ақ бұл спорт түрі «Көшпенділер ойынына» да кірген. Спорттың мұндай түрін игеруге білектің күші ғана емес, мықты денсаулық, қайсар мінез керек. Орталықтың ашылу салтанатында таяқ тартудан әлемдік додаларда жүлделі орындар иеленіп жүрген Ақылбек Алтын, Айбол Райымбек мастер-кластар көрсетті.

Орталықтың үшінші бағыты ерекше жандарға арналады. «360 CENTER» ұжымы жеке және топтық, әрі бірегей фитнес бағдарламалардың көмегімен салауатты өмір салтын танымал етуді және инклюзивті орталық қалыптастыруды мақсат етіп отыр. Мүмкіндіктері әртүрлі адамдардың арасында шексіз мүмкіндіктер мен кәсіби спорт түрлерін дамытуға ниетті команданың ұраны – «Арамызда мүгедектер жоқ». Яғни, мұнда кез келген адам, тіпті мүгедек жандар да, балалар да қатардағы адамдардай спортпен айналысып, жан-жақты дами алады.  «Өмірде қандай да бір қиындықтары бар, денсаулығында кінәраты бар адамдардың спортпен айналысқаны өте жақсы. Біздің орталық үшін мүгедек адамдар болмайды, біз бәріне тең қараймыз. Сондай-ақ орталығымза балалар мен жасөспірімдерге, жалпы отбасына арналған фитнесті дамытуды қолға алып отырмыз. Қазіргі заманда балаларды виртуалды әлемнен ажырату мүмкін иболмй тұр. Мұндайда баланы спорт залға әкеліп, дене шынықтыруға, тәртіпке баулу аса маңызды», -дейді орталық қызметкері, бодибилдинг мен фитнес шебері Вячеслав Мисецкий.

Байқап отырғанымыздай, «360 CENTER» орталығының болашағы зор. Орталықтың ашылу салтанатына әріптестерін қолдап келушілердің қатар көп болды. Іс-шараға WBPF Дүниежүзілік федерациясының құрметті президенті Мерғалиев Болат, «Таяқ тарту» Республикалық Федерациясының Президенті Иматалиев Талап, Қазақстанның ең мықты СтронгМэн Писаревский Алексей, «Бочча» паралимпиадалық спорт түрінің жаттықтырушысы, Бочча Алматы Федерациясының Президенті, «ДЦП LIFE» орталығының негізін қалаушысы Итенов Асан қатысты. Мерекелік кеште 30 жылдық тарихы бар алматылық атақты топ «Овощи и фрукты» әсем қаламыз жайлы әндерін және «Тоғысқан тағдырлар» сериалының санудтрегі болған «Перекресток» хитін орындады. 

Айнұр Сенбаева 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста