Арбамен ғылым қуған ғалым

Арбамен ғылым қуған ғалым

Онда барлығы бар. Атақ-дәреже дейсіз бе?! Айналасын торып жүрген шәкірттерінің өзі қаншалықты?! Қарап тұрып ойланасың, ойланып тұрып қызығасың.  Бір әттеген-айы оның бойына осыншама дарынды, қабілетті үйіп-төгіп берген Аллаһ тағала  денсаулығына кемістік беріпті. Ол туабітті балалар сал ауруы дертіне шалдыққан. Өмір бойы арбаға таңылса да, бетпе-бет келген қиындыққа мойымай, ізденістен, талпыныстан шаршамаған ғалымның еңбекқорлығы, ойының ұшқырлығы, ғылымға деген адалдығы кез келген адамға сабақ болатындай-ақ дүние екенін сол сәтте-ақ бағамдадым.
Бүгінде қазақтың ғылымына дендей еніп, сол ғылымның ыстық-суығымен қоса қайнасып жүрген ғалымда­рымыздың бірі – Шахбаз Әлімгерейұлы Ершин. Ол қазір техника ғылымының док­торы, профессор, Ұлттық Ғылым акаде­мия­сының академигі, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылыми қайраткері. Тізбелей берсек, бір басында артылып асар дәреже баршылық. Ендеше, ол атақ-дәрежесін бы­лай ысыра тұрып, Шахбаз Әлімгерей­ұлының тұлғалық қасиетін ашуды жөн көр­дік.
Астролог болуға деген талпыныс
Шахбаз Әлімгерейұлы өзі жайында «ең алғаш астролог болуға талпындым» дейді. 1926 жылы қыркүйек айында дүниеге келген ғалым ана құрсағынан жарық дүниеге түскенде жансыз туыпты. Оның өмірін сақтау үшін бірқатар дәрігер жанталасып, өмір сүруге деген күрес дүние есігін аша салысымен-ақ басталыпты.
Бұл жайында ол:
«Менің анам Аққағаз Досжанова – қазақтан шыққан алғашқы дәрігер. 1893 жылы дүниеге келген анам  1914 жылы Орынбор­дағы әйелдер гимна­зия­сын бітіріп, медицина мамандығын алуға Мәскеуге барып, медицина курсына қабылда­нады. Сол кезден бастап елдің жоғын жоқтаған, қайрат­керлігімен өз ортасы­нан суырылып алға шыққан адам. Сол анам мені 1926 жылдың күзінде дү­ние­ге әкелді. Мен дүниеге келгенде өзге балалар тәрізді шыр етіп жыламап­пын. Жансыз, көгеріп жатқанымды көрген дәрігерлер өмі­рім­ді сақтауға тырысып бағыпты. Содан бір профес­сор екі аяғымнан салбы­ра­тып жоғары көтеріп алып, арқа тұсым­нан төмен шапалақпен тартып жіберсе керек. Сол сәтте шар еткен дауысым шығыпты. Бірақ ес білгелі маған дәрі­герлердің қойған диагнозы – балалар сал ауруы (ДЦП). Әйтсе де жарымжан екенмін деп жасымадым. Қазірде со­ның арқа­сын­да қазақ техника ғылымы­ның ақса­қалы атанып отырған жайым бар», – дей­ді. 
Абзалында, «техника ғылымының ақ­са­қалы» дегеннен шығады, қазірде техни­ка саласында өзіндік ізденулерімен топ жарған ғалым бірінші кезекте астрономия ғылымын зерттеуге ұмтылыпты. Бірақ сол соғыстан кейінгі жылдары елдегі жоғары оқу орындарында астрономия факультет­тері тапшылық тудырып, астрономия ғы­лымына деген талпынысын техника сала­сын зерттеуге айырбастауға тура келіпті.
Көптің ішінен елеген – еврей жетекші
Былайынша пайымдасақ, 1926 жылы дүние келген ғалым есін енді біле баста­ғанда ашаршылық нәубетін көрді. Бозбала жасқа кіріккен тұсында сұм соғыстың ха­лық­қа тигізген залалы мен зардабын кө­ңіл­ге түйді. Ал қазір ақсақалдыққа жеткен­де Тәуелсіз Қазақ елін көріп, мерейі өсіп отыр.
Алты жасында анасы Аққағаз қайтыс болып, өмірден теперіш көрген ғалым: «Осы жасқа келгенше мүгедектігімді айтып жан баласының алдына бармадым. Ешкім­ге маған мейріміңді төге гөр деме­дім. Тек еңбекпен нан табуды ойладым», – дейді. Денсаулығына байланысты орта мектепті мезгілінен кеш тамамдаған ол соғыстан кейінгі жылдары жұртшылықпен бірге жоғары оқу орнына да жеңілдіксіз өз еңбегімен түседі. Ол студенттік өмірі жайында былай деп ой өрбітті: 
– Төрт жыл қатарынан қатты қинал­дым. Өзім мүгедекпін. Туған анам қай­тыс болғаннан кейін әкем басқа бір адамға үйленді. Басқа балалар тәрізді ауылдан келіп жататын көмек те жоқ. Кейде денсаулығым сыр беріп қатты шаршайтын едім. Бірақ намысқа тыры­сып оқуымды оқып жүрдім. Қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ мемле­кеттік университетінің ол кездердегі беделі тіптен жоғары еді. Шәкірттеріне қатаң талап қоя білетін ұстаздар біздің тұсы­мызда болды ғой. Үшінші курсты қина­лып бітіріп, төртінші курсқа көш­кен ке­зімде бақытым шығар, бәлкім, Ле­нин­г­радтан Вулис деген бір еврей профессор келді. Міне, сол кісі мені көптің ішінен танып, өзіне тартып, ғы­лым­мен айналысуыма, аспирантурада оқуыма көмектесті. Сол Вулис: «Мына қазақтың басында ми бар. Мұның жа­рым­жандығына қарамау керек. Оның оқуына жағдай жасап, аспирантураға түсуіне мүмкіндік беру қажет», – деп үне­мі алға талпындырып отырды. Сол ев­рей жетекшімнің арқасында Мәскеу­ге дейін барып, дипломымды қорғап, үл­кен ғылымды зерттеуге еніп кеттім. Со­дан бері зерттеуден, ізденуден бір тын­ған емеспін.
Еңбектері АҚШ-та ағылшын тілінде жарық көрмек
«Мен ізденгелі жарты ғасырдан асты» деген ғалым бүгінде өз еңбектері АҚШ ғалымдарының назарын аударып отырға­нын мақтанышпен жеткізді. Биылғы жылы америкалық ғалымдардың бір парасы Шахбаз  Әлімгерейұлының 50 жылдан астам зерттеп жазып жүрген тұтас еңбекте­рін ағылшын тілінде жеке кітап етіп шыға­рып беруді жоспарлап отырған көрінеді.
Динара ТҰРАЛИНА, шәкірті:
– Шахбаз ағамыздың қазақтың гид­родинамикасына қосып отырған үлесі өте зор. Бұл кісі 29 кандидат, алты ғы­лым докторын шығарды. Мұнай құ­быр­ларын зеттеуде, одан сапалы мұнай алуға қатысты зерттеулері, мұнай шы­ға­ратын  құбырлардың сапасын арт­ты­руға қатысты зерттеулері елеуге тұрар­лық. Бүгінде еңбектері ағылшын тілінде АҚШ-та жарық көрмек.  Шахбаз Әлім­ге­рейұ­лы – талапты жоғары қоя білетін, ешқашан еріншекті көтермей­тін, про­фессор ретінде сабаққа кешігу, сабағын өткізбей қоя салу дегенді мүл­де біл­мей­тін адам. Бұл кісіден үйрен­геніміз көп, үйренеріміз әлі де көп.

P.S.
Ұстаздарының еңбектерін «үйреткені көп, үйретері одан да көп» деп бағалап отырған шәкірттері ғана емес. Ғалымды өзінің тұрғыластары, замандас­тары да ерекше бағалайды. Ол жайында өзінің қатарластары «ол – қазақ ғылымына жарты жанын беріп жүрген жан» деседі. Расымен де, денсаулы­ғын­дағы шектеулі мүмкіндікке қарамай, қазақ ғылымына шектеусіз үлес қосып жүрген ғалымды   біз  «жарты жанын ғылымға беріп жүрген жампоз» деп мадақтауды артық санама­дық. Өйткені онда басқа атақ-абыройдың бәрі бар...

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста