Мектепке дейінгі жастағы балаға музыкалық тәрбие беру әдісі, маңызы мен міндеттемелері

Мектепке дейінгі жастағы балаға музыкалық тәрбие беру әдісі, маңызы мен міндеттемелері

Баланың музыкалық даму процесі музыкалық қызметтерді ұйымдастыру барысында жүзеге асады. Сәбилік шақтан бастап музыкалық қызығушылықтарын дамыту &ndash тәрбиешінің міндеті.

1 - 2 жаста бала ересек адамның әнін тыңдай отырып дауыс интонациясына уілдейді, былдырлайды. 2 жаста бала қарама - қарсы сипаттағы әндерге шаттанып қуанады, немесе сабырлы күй танытады. Алақандарын шапалақтап, аяқтарын топылдатады. Кейде әннің жеңіл буындарын «әй - әй», «топ - топ» буындарын қайталайды. 3 - 4 жаста шағын әндерді ересектердің көмегімен орындай алады. Дербес әрекет етуге ұмтыла отырып билеуге, ойнауға талпынады. 5 жас &ndash баланың көп білуге құштар кезеңі. «Неге?», «неліктен?», деген сұрақтарды көп қояды. Бала жетекшінің қойған талаптарын, ән, пьесалардың көңілді, қуанышты, сабырлы сипаттарын сезіне отырып, пьесадағы қарама - қарсы екі бөлімді, музыкалық аспаптар тембрін, қол ұстасып ән айту, жеңіл би қимылдарын орындай алады. 6 жас &ndash балаларды мектепке дайындау кезеңі. Балалар музыкалық шығармаға сипаттама бере отырып, эстетикалық көзқарасын қалыптастырады. Ән, би, ойындарды орындауда шығармашылығы дамып, музыкаға деген ынта - ықыласы айқын көріне бастайды.

Музыкалық тәрбие берудің басты мақсаты &ndash музыка өнері арқылы баланың өмірге деген көзқарасын қалыптастырып, Отанына, еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, өз халқының өнерін, салт - дәстүрін жоғары бағалай білетін парасатты азамат тәрбиелеу. Білім берудің ең төменгі сатысы &ndash мектепке дейінгі кезең және тұлғаның даму іргетасы, оқу әрекетін қалыптастырудың ең қуатты кезеңі. Бұл сатыдағы баланың есте сақтау қабілеті, қабылдауы төмен болғанымен білуге құштарлығы зор болады. Даму ортасының негізінде тұлғаның дамуын қамтамасыз ететін мектепке дейінгі білім беру мекемесі, баланың тұлғасын дамытуда оның жеке ерекшелік мүмкіндіктерін ашып, таным белсенділігін қалыптастыру мақсатында мынадай міндеттерді шешуі шарт.

Баланың ішкі белсенділігін дамытуға арналған қажетті мүмкіндіктер жасау: * Әр балада оның жеке дара қасиеттері мен қабілеттерін ашып, олардың өмір сүруге қажетті салаларға орнығуына мүмкіндік көрсету; * Әр баланы тұлғалық ерекшеліктерін ашып көрсетуге және оны дамытуда көмегін тигізетін жаңа жолдарды іздестіру; * Әр баланың тұлғасына деген құрмет пен сүйіспеншілікті қамтамасыз ететін қарым - қатынасты орнату; * Тұлғаға әсер етудегі белсенді әдістерге бағдар жасау; * Ойын арқылы оқыту, білім беруді ізгілендіру технологиясында қарапайымдылық, кішіпейілділік, өзара түсінушілік сезімдерін баулиды. * Оқытудың ақпараттық технологиялары арқылы мультимедиялық құралдарды пайдалану

Музыкалық тәрбиенің міндеттері:

1. Музыкаға деген сүйіспеншілік пен құштарлықты тәрбиелеу. Бұл міндет баланың естіген шығармаларының мазмұнын тереңі-рек сезіп, түсінуіне көмектесетін музыкалық қабылдағыштығын, музыканы есте ұстау қабілетін дамыту жолымен шешіледі. Музы каның тәрбиелік ықпалы жүзеге асырылады.

2. Балаларды алуан түрлі музыкалық шығармалармен таныс-тырып, олардың музыкалық әсерлерін байыта беру керек.

3. Балаларды музыканың ең қарапайым үғымдарымен таныс-тыру, музыка тыңдау, ән айту, музыкалық-ырғақтық қимыл, ба-лалардың музыкалық аспаптарында ойнау саласындағы дағдыларын дамыту қажет.

4. Эмоциялық әсер алғыштығын, сенсорлық қабілеттері мен лад-биік дыбыстарды айыра білуін, ырғақ сезуін жетілдіріп, ән шілік дауыс пен қимылдарын әрлендіре түсу керек.

5. Ән айтудың қарапайым түріне және қимыл әдістеріне үйре-те беру, бүл істе музыкалық шығармалардың табиғи және әсерлі орындалуын қадағалау керек.

6.Алған әсерлері мен музыка жөніндегі үғымдары негізінде музыкалық талғамы пайда болған балалардың алғаш көрінуіне жәрдемдесу керек, ол үшін алдымен олардың музыкалық шығар-маларды таңдауына, содан соң бағалай білуіне көмектескен жөн.

7. Музыканың балаларға түсінікті барлық түрлерінде: ойын дар мен хороводтарда характерлік образдарды беруде; үйренген би қимылдарын өздері тапқан жаңа үйлесімдерге пайдалануда; ойдан шығарған шағын әндер мен қайырымдарды айтуда твор-честволық белсенділікті дамыта беру керек. Сонда дербес, үйрен-ген репертуарды күнделікті өмірде қолдануға деген инициатива мен талпыныс, музыкалық аспаптарда ойнауға, ән салып, би би-леуге деген құлшыныс қалыптасады.

Музыка баланың ішкі жан дүниесіне, сезіміне тікелей әсерін тигізеді. Музыканың адамға деген ықпалы кейде үгіттеуден, нұсқаудан да анағұрлым күшті болады

Досан Әсел Әмірханқызы

Шығыс Қазақстан облысы

Өскемен қаласы

ТОО «Лада» балабақшасы

 Қолданылған әдебиеттер:

1. Ән-күй сапары А.Қ. Жұбанов. Алматы 1976.

2. Р.Қ. Дүйсембинова «Музыкалық білім беру педогогикасы».- Талдықорған, 2006 ж.

3. Мектептегі «Музыка» пәнінің оқушыларына арналған методикалық нұсқау. А.Байментаева.- Алматы, 1985 ж.

4. Ғизатов.Б «Мектептегі музыка сабағы. Музыка сауаты, ән үйрету, музыка тыңдау». Методикалық көмекші құрал.- Алматы, 1962 ж.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста