Қазақ тілі сабағында оқушылардың коммуникативтік құзыреттіліктерін дамыту

Қазақ тілі сабағында оқушылардың коммуникативтік құзыреттіліктерін дамыту

Коммуникативтік құзыреттілік дегеніміз не? Яғни, «коммуникативтік құзыреттілік» (латынның «соmpetere» -қол жеткізу, сәйкес келу, сөзінен шыққан) – қажетті тілдерді, қоршаған адамдармен және оқиғалармен әрекеттестікте болу тәсілдерін білуді, топта жұмыс жасау дағдыларын, ұжымдағы әр түрлі әлеуметтік рөлдерді меңгеруді қамтиды.

Коммуникативтік құзыреттілік адамдардың өз ана тілімен қатар өзге тілді де меңгеруін қарастырады [2]. Неміс тілін екінші тіл ретінде оқытуды зерттеген, көптеген монографиялық еңбектердің авторы, ресейлік ғалым И.Л. Бим «Коммуникативтік құзыреттілік – тілді жеткізушілермен тіларалық және мәдениетаралық қатынасқа түсу қабілеттілігі» деп атап өткен болатын [3]. Яғни екінші тілді меңгеруде тек сол тілде сөйлеу ғана мақсат болмайды, сонымен қатар сол тілде сөйлеуші ұлттармен мәдениетаралық қатынасқа түсу де қарастырылу қажет. Коммуникативтік құзыреттілік құзыреттілік амалына негізделеді. Құзыреттілік амалы – білім беру нәтижесіне ден қоятын амал, бұл жерде нәтиже ретінде ақпарат көлемін игеруді емес, адамның алған білімін қолдана, жаңа білім тудыра отырып, түрлі проблемалық жағдайларда өз бетімен әрекет етуін қарастырады. Құзыреттілік тәсілдің мақсаты- дәстүрлі емес және типтік жағдаяттарда шешім қабылдау және іс-әрекет жасау, өз мақсатын анықтай алу дағдыларын меңгеру болып табылады. Құзыреттілік тәсілінің басты міндеті білім алушылардың бастамашылдығы мен өз бетінше жұмыс істей алатынын көрсетуге деген ынтасы болып табылады. Ол білім алушылардың жеке әрекет ете алуына, өз қабілеті мен қызығушылығын ұйымдастыруына мүмкіндік береді. Құзыреттілік тәсілі білім алушылардың білім, білік дағдыларын жеке-жеке емес, кешенді түрде меңгертуді жобалайды.

Қазіргі таңда білім беру саласында тұлғаның дамуына коммуникативтік құзыреттілікке баса назар аударылып отыр. Бастауыш буында оқушылардың өздерін қоршаған ортада басқа адамдармен, топпен қарым-қатынас орнатуға, жалпы нәтижеге қол жеткізуде өзіндік пікірін білдіруге мүмкіндік беретін коммуникативтік құзыреттілік негізінен ана тілі пәнін оқыту үрдісінде қалыптасады.

«Коммуникативтік құзыреттілік» (латынның «соmpetere» — қол жеткізу, сәйкес келу сөзінен шыққан) – оқушылар және қоғам үшін күнделікті оқуда,

қатысымдық міндеттердің тіл арқылы шеше білу қабілеттілігі; қатысымдық мақсатты іске асыруда оқушының тіл және сөз құралдарын пайдалана алуы. Ғалым Ф.Ш.Оразбаева «коммуникация» термині туралы былай тұжырымдайды: «коммуникация» сөзінің негізгі мазмұны жалпы қарым-қатынас, араласу, хабарласу, байланыс деген сияқты мағыналарды білдіре келіп, адамдардың тіл арқылы сөйлесу процесін, тілдесу ерекшеліктерін, тілдік әлеуметтік мәні мен қоғамдық қызметін, адамдар арасындағы қарым-қатынасты, өзара түсінушілікті көрсетеді.

Қазақ тілі сабақтарында коммуникативтік құзіреттіліктің негізгі 4 бөлігі қамтылады:

1. Грамматикалық құзіреттілік;

2. Оқырмандық құзіреттілік;

3. Стратегиялық құзіреттілік;

4. Мәдени-танымдық құзіреттілік.

Осы құзіреттіліктердің анықтамасына тоқталсақ.

Грамматикалық құзіреттілік – тіл ережелерін білу, грамматикалық ережелерді оқыту. Оқушыларға грамматикалық кестелер арқылы жан-жақты білім беруді негізге ала отырып, оқулықта берілген грамматикалық ережелерді жаттату, талдату.

Оқырмандық құзіреттілік –оқушыларды көркем әдебиетті, ұсынылған мәтіндерді толық мәнінде түсіне алатын, көркем әдебиетке, оқуға танымдық қызығушылықпен қарайтын, шығармаларды өз бетімен талдап, баға бере алатын, қазіргі заман оқырманын қалыптастыруды көздейді.

Стратегиялық құзіреттілік — әңгімелесуші адаммен байланыс ережелерін білу және қолдану. Бұл — диалог құру және оны жалғастыру шеберліктері.

Мәдени-танымдық құзіреттілік – тілді тасымалдаушы, қолданушы – халық мәдениетін білу.Ана тілі оқулықтарына халық педагогикасы бойынша тақырыптар енгізілген. Олар: қазақ халқының салт-дәстүрлері, ұлттық ойындар, ұлттық тағамдар, ұлттық киімдер және мейрамдар, отбасы тәрбиесінің дәстүрлері және қазақ халқының қонақжайлылығы. Осы тақырыптар бойынша оқушыларды қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерімен таныстыра отырып, оқушылардың ана тіліне деген қызығушылықтарын арттыру және халқымыздың мәдениеті, тұрмысы, салт-дәстүрлері туралы білімдерін тереңдету.

Коммуникативтік құзыреттілік жеке тұлғаның рухани өсуін қалыптастырады, адамдарды түсіне білуіне көмектеседі.Сондықтан мұғалім алдына мақсат қоя білетін, анық та дұрыс сөйлей білетін, өз ойын жарыққа еркін шығара алатын, түсіне білетін, қызығушылықпен тыңдай алатын адамды өмір жолына аттандыра білуі керек.

Оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін дамыту үшін жүргізілетін жұмыс түрлері төмендегідей:

• Сұрақ – жауап (мұғалім мен оқушылар)

• Диалог (оқушы мен оқушы, мұғалім мен оқушы)

• Қатысым (мұғалім мен оқушылар, оқушы мен оқушы, мұғалім мен оқушы)

• Жазылым (тақырыпқа байланысты мәтінмен жұмыс)

Бұл жұмыс түрлері коммуникативтік құзыреттіліктің алашқы баспалдағы болып есептеледі. Себебі, бұл жұмыс түрлерін барлық сабақта мұғалім мүмкіндігінше қолдана алады. Коммуникативтік құзыреттілікті дамыту үшін жүргізілетін жұмыс түрлері оқушылардың

· Қатысым және жазылым қарым – қатынасын қалыптастыруға

· Сөйлеу тілін дұрыс меңгеруге

· Жеке тұлғаның құзіреттілік қатысымдылығын жүзеге асыруға ерекше ықпал ететінін көруге болады.

Өйткені, осыған байланысты әдіскер - ғалым Ф.Ш. Оразбаева қатысымдық әдістің өзіндік белгілерін көрсете отырып, оған мынадай анықтама береді: «Қатысымдық әдіс дегеніміз – оқушы мен оқытушының тікелей қарым – қатынасы арқылы жүзеге асатын, белгілі бір тілде сөйлеу мәнерін қалыптастыратын, тілдік қатынас пен әдістемелік категорияларына тән басты белгілер мен қағидалардың жүйесінен тұратын, тіл үйретудің тиімді жолдарын тоғыстыра келіп, тілді қарым- қатынас құралы ретінде іс жүзіне асыратын әдістің түрі».Осылайша мұғалімнің оқудағы құзіреттілікке бағыт – бағдар беруі оқушылардың ой-қорытынды жасауына, өз ойын айта білуіне, оны күнделікті өмірде пайдалана білуіне көмегін тигізеді.Өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйретуде коммуникативтік құзіреттілікті қалыптастыру – заман талабы.Сабақ үстінде коммуникативтік құзіреттілігін дамыту мақсатында жұптық, топтық жұмысын да пайдалану жөн. Әр сабақтағы дұрыс ұйымдастырылған топтық және жұптық жұмыста оқушылар:

· Өздігінен тапсырманы орындайды, топ мүшелерімен немесе жұбымен өз пікірін бөліседі, алмасады; · Жоспарланған тапсырмалар туралы айта алады; · Өз мүмкіндігін біледі; · Өзінің оқуы үшін үлкен жауапкершілік алуға қабілетті болады; · Назарын бақылай алады және алаңдамайды; · Өз тәртібі мен өзгенің тәртібі туралы және оның салдары туралы айта алады; · Нені қалай жасағаны туралы немесе нені үйренгені туралы айта алады; · Өз сезімі мен өзгелердің сезімі туралы біледі, көмектеседі және тыныштандырады; · Жаңа тапсырманы сеніммен қолға алады; · Өзін оқушы ретінде жағымды жағынан көргісі келеді;

Топтық және жұптық жұмыстың нәтижелері:

1.Топтық, жұптық жұмысты пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі.

2.Оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады.

3.Олардың әрқайсысының деңгейін анықтай аласың.

4.Оқушылардың көбін бағалауға мүмкіндік аласың. 5.Оқушыларды ізденіске баулып, жұппен, топпен жұмыс істеуге үйретеді.

6.Оқушылардың қабілеттері, сөз саптау еркіндігі, ұйымшылдығы, шығармашылық белсенділігі артады.

7.Жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауда, өзіне деген сенімін қалыптастырады.

Әдебиеттер тізімі:

1. Іс –тәжірибеде оқытуды басқару мен көшбасшылық – тренердің жазбалары 1- басылым, 13.12.2011 жыл.

2. «Тілдік қатынас», оқулық, Алматы 1, 39 бет

3. Ғаламтор материалдары

Орынбаева Гулдиасем Орынбаевна
Алматы қаласы

«Бөбек» ғылыми-тәжірибелік, білім беру

және сауықтыру орталығы

қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста