«Соңғы көш» атты қойылымның сценарийі

«Соңғы көш» атты қойылымның сценарийі

Астана қаласы
№64 мектеп-лицей
«Ғасырдан - ғасырға» сайысына

Жетекшіліері: Утепова М.Ж., Қуанышқалиев М.Қ.


Қатысушылар:
Кенесары хан
Қоңырқұлжа
Таймас
Әбілғазы
Тәуке батыр
Хабаршы
Иман батыр


«Соңғы көш» атты қойылымның сценарийі

Бірінші көрініс
Қоңырқұлжа. Ей, Кенесары, ұлы империяға жалаң қылышпен қалай қарсы тұрмақсың?!. Елді құр босқа дүрліктіріп, қанды қырғынға бастағаннан не табам дейсің?!.
Кенесары. Қоңырқұлжа, сен сияқты ақ патшаға қызмет етіп, күнің үшін жаныңды жалдап, сатылып жүргенше, азаттық үшін күресіп өлген артық!
Қоңырқұлжа. Мен қызмет етсем, Ақмоланың аға сұлтанымын.
Кенесары. Аға сұлтандығыңды алға тартып, ата-бабамыздан мұра боп қалған жерімізді қарашекпенділерге таратып беріп жатса да, қарап отыра бермекпісің!
Қоңырқұлжа. Жөндеріңмен жүрмей, өздерің емес пе, ақ патшаға қарсы шығып жүрген.
Кенесары. Еліңді қасқырша талап, жеріңе қол салып жатса, қалай қарсы шықпассың! Қатыныңды, келініңді, қызыңды зорлап, ұлыңның тұлымын қиып, құлақкесті құлына айналдырса да, тырс етпей қарап отыру керек пе?!
Қоңырқұлжа. Кенесары, байқа, байқа, ақ патшаға қарсы шығамын деп, басыңның қайда қалғанын білмей қалып жүр ме?
Кенесары. Жоқ... Қоңырқұлжа... намысымызды таптата қоймаспын! Елімнің тізгіні мен шылбырын жат қолына бере алмаймын! Біз құл болу үшін жаралғамыз жоқ!
(Кенесары мен Қоңырқұлжаның шайқасқаны көрсетіледі. Қоңырқұлжа тізе бүгеді)
Екінші көрініс
Қазақ ханы Кенесарының хан сарайы
Сахнада Кенесары хан ой үстінде.
Хабаршы. Хан ием, уәзірлер мен батырларыңыз келіп тұр.
Кенесары хан. Кірсін.
(Уәзірлер мен батырлар келіп орындарына жайғасады.)
Кенесары хан. Мен кеше бір түс көрдім... Түс емес-ау, өзімнің ажалымды көрдім. Соның жоруын сұрайын деп едім
Таймас. Түс түлкінің боғы деген,хан ием, оны жорытып не қыласыз
Кенесары хан. Жоқ, түсім демеңдер, өңім деңдер....
Уәзірлер. Жақсы. Айтыңыз
Кенесары хан. Айтсам, алдымда Төрегелді манап басқарған Қалиғұл жасағы тұр екен. Қолға түсіппін. Ар жағында тағы шым-шытырық, біреу жылап, біреу күлген тәрізді. Бір уақытта қарасам сыңсыған жау ортасында тұрмын. Мен иманымды айтып, аллаға жалынғаннан гөрі, басымнан өткен өмірімді, ағайын-туысымды, қатын-баламды, үзеңгілес серіктерімді, туып өскен Көкшенің көгілдір тауларын, Сарыарқаның айдын шалқар көлдерін, жасыл орман, көк шалғын белдерін көз алдыма елестетіп басымды Қалиғұлдың қолындағы қылышқа тоса бердім.
Таймас. Япырмай, қазақ түсінде өлген адам ұзақ жасайды дейтін еді, ұзақ жасарсыз, Кенеке.... Әлгіден кейін де бірдеме көрдіңіз бе?
Кенесары хан. Өзім өлсем де, бәрін естіп, көріп жатырмын. Басымды Қалиғұл манап қоржынға салып ала жөнелді. Неше күн, неше түн жүргенімді білмеймін, әйтеуір күздің суығында ақ патша тұратын салтанатты қалаға жетіппіз. Менің сорлы басыма «Қырдың қарақшы сұлтаны Кенесары Қасымұлының басы» деген таңба салып, сан түрлі суреттер, тас мүсіндер тұратын кең сарайға апарып қойды. Менің қу басым, «өрім таж» дей ме, «ерім тәж» дей ме жұрт тамашалайтын кең сарайда тұра берді.
Әбілғазы. Ойпырмай, Кенеке, қайдағы жоқты айтып кеттіңіз ғой, түс деген сандырақ емес пе, қайтесіз соны еске түсіріп... Қалсын пәлекет сол бетімен түс болып.
Кенесары хан. Егер болашағым дәл осы түсімдей болса қандай ақыл бересіңдер?
Таймас. Ақыл біреу-ақ: Арқа жерінен кетпеу керек. Не болса да, Ресей патшасының айтқанына көнген жөн. Түс жоруына қарасам, алдымызда күткен тек ажал бар. Әлі де болса ойлансақ, Кенеке....
Кенесары хан: Арманыма жету үшін орта жолда ажалым тұрса, одан қорқып бас тартпан. Он сегізімде найза ұстап, жауға шапқанымда, түбі жау қолында өлетінімді білгем. Несіне ойлан дейсің маған?
Әбілғазы: Артыңызда ерген жұртыңыз бар ғой. Оның тағдырын қайтесіз? Егер жұрт, туған жерінен айырылғысы келмесе қайтеміз?
Тәуке батыр: Атта жал, адамда қам жоқ,біз қозғалып Шуға жеткенше қыс болады... Қыс та бір, жау да бір, босып барып қырылғанша, ажалды атамекен жерімізде тосып алған жөн. Ең болмаса көмусіз қалмайық. Көшудің қажеті жоқ.
Иман батыр: Не малтаңды езіп отырсың, Тәуке батыр? Жерінен, суынан айырылған халқына, Кенекең «әлі де болса жауыңа жеңгізбеймін, соңымнан ер» деп отырғанда, ел басына бүгінгі туған ауыртпалықтан қорқып, кейін шегінейін дедің бе? Айдаһардай жұтайын деп келе жатқан жауынан, соңынан ерген өз елін басқа жаққа әкетпек Кенекеңнің шешімі ел қамы емей, ненің қамы? Маған салсаң, қарамағымдағы халықты ертіп Шуға қарай бүгін көшуге бармын. Туған жерім деп ақ патшаға кеткен қайырсыз қонысқа жабыса берер жайым жоқ.
Кенесары хан: Олай болса, не тұрыс. Бәрі де қара қазан, сары баланың қамы үшін. Қамданыңдар. Уа, батырларым қолға хабар беріңдер. Жаратқан ием, жар болсын!
(Сахна сыртынан: Бұл көш Шыңғысхан шабуылынан бастап, алты жүз жылдан астам өзінің жері, суы, тәуелсіздігі үшін күрескен қазақ атты көшпенді көкжалдардың ең соңғы ұлы көші еді. Екі жыл өтпей хан Кененің көрген түсі дәл өңіндегідей келіп, ол Кекілтауының бауырынан ажал тапты.)

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста