Табысқа жету – проблемаларды шеше білу.

Табысқа жету – проблемаларды шеше білу.

Қ. Бітібаеваның "Оқушыларды ғылыми-зерттеу жұмысына баулу жолдары" атты оқу құралы.
Құрметті ұстаздар!

КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері, ҚР-ның еңбек сіңірген мұғалімі, Қазақ ССР, СССР Халық ағарту ісінің озық қызметкері, ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері, «Құрмет» орденінің иегері, белгілі ұстаз, профессор Қ.О.Бітібаеваның «Оқушыларды ғылыми-зерттеу жұмысына баулу жолдары» атты оқу құралының маңызы ерекше. Оқу құралы текелей оқушыларға арналып жазылған. Сондай-ақ ұстаздарға беретін ақыл-кеңесі де мол. Еңбектің құндылығы - оқушыларды ғылымға баулудың теориялық мәселелерімен қоса, практикалық жағының да жан-жақты қамтылғаны. Тұңғыш рет жазылып, ұсынылып отырған оқулық-дәптердің бағдаршамдай маңызы зор деп ойлаймыз.

Оқы, еске ұста, үлгі ал...
Табысқа жету – проблемаларды шеше білу.

 

Оқып үйренбесең, өнерге де,
даналыққа да қолың жетпейді.
Демократ

Әр табыс – шешілген проблема. Алайда проблемаларды шешудің шебері болу үшін, табыстың кейбір ережесін жатқа білу қажет.
Алдағы айдың табыс ережесі: «Әр нәрсені тек жақсы жағынан көре білу – менің санамның бір бөлігінде ұстайтын ереже».
Жолы болмайтындар бар істі тек теріс жағынан ғана көреді. Олар өздерінің сәтсіздіктері үшін болған жайды, ата-ананы, нашар басшыларды немесе тіпті тағдырды кінәлайды. өздерін ешқашан кінәламайды. Олар тіпті жылап, нашар жүретін істеріне үнемі шағым айтумен болады. Алайда әрбір жеңілістің өз мүмкіндігі, ал әрбір жеңілістің өз мүмкіндігі, ал әрбір сәтсіздіктің табысқа жету жолын көрсететін бағыты болатынын естерінен шығарып алады. Сондықтан да егер сіз табысты, толыққанды өмір сүргіңіз келсе, міндетті түрде әр нәрсенің жақсы жақтарына көңіл бөлуіңіз керек.
Табысқа жетуге жаттығу:
Қайталанудан шеберлікке дейін.
Табысқа жету үшін өзіңіздің нені қажет ететініңізді айқын білуіңіз қажет.
Алдына мақсат қоя білетін, ұстанымы дұрыс адамды ешқандай тағдыр немесе бақытсыздық тоқтата алмайды. Сондықтан да батылдық танытып, табысқа апарар жолға түсіп, одан ауытқымау керек. Өз болашағыңыздың жасаушысы болыңыз.
Осыған байланысты сіздерге келесі жаттығуларды орындауға ұсынамын. Оның мазмұнын түсіну үшін 7 пунктке біріктіріледі.
1. Тек қайталау арқылы алған білімді саралап, іске асыруға болады.
2. Қайталау шеберлікті жетілдіреді. Уақыт өткен сайын белгілі бір істі атқаруға аз күш жұмсалатын болады.
3. Сізге шашыраңқы процестер мен оқиғаларды саралап, дұрыс түсіну керек.
4. Қайталау жаңа сапалы деңгейге шығарады. өзімізге деген сенімділік артып, байыпты боламыз.
5. Әр келесі қайталау ой-пікірімізді белсендіруге жұмсалатын күшті үнемдеп, шығармашылық қабілетті жетілдіреді.
6. Іштей сезу және табысты сезіну дамиды. Сонымен сезіну тиімді жұмыс істейді. Бейімделу қабілеті өседі.
7. Адам өз қабілетін толық меңгеріп, басқара бастайды. Сенімділік және наным күші артады.

 

Жаттығу-қайталау

Тұлғаның шығармашылық қабілетінің ашылу заңы: қандай да бір идеяны үнемі қайталау уақыт өткен сайын сенімге жеткізеді. Бұл сенімділік оң және теріс жайларда бірдей болады. Тұлғаның шығармашылық қабілетін ашу заңы: сенім іс барысында жүзеге асырылады. Жинақтылық табысқа жеткізеді. Қайталау шеберлікке жеткізеді.

Николаус Энкельман
(«Власть мотивации» журналынан аударма
2005ж. №5 (29)

Қайталап оқып, еңбектің негізгі мәніне көңіл бөл. Өзіңе керек деп тапқаныңды дәптеріңе жазып қой.

 

Өзіңді-өзің оқыт, өзіңді-өзің таны, өзіңді өзгеге таныт.

Адамдықтың басты қасиеті –
өнер, білімге ұмтылу.

Абай

Адамның қолынан келмейтін
ешнәрсе жоқ.

Гараций.

Жас дос, ғылыми ізденіс, зерттеу жұмыстарының бастауы проблеманы шешуден басталады деп жатырмыз. Ал «проблема деген не?» деген сұрақтар айналасында өздеріңе ойлануға тура келеді. Кез-келген «неге?» деген сұрақтардың барлығында проблема жатыр деп түсіну жансақтыққа апарып соғады. Проблеманың негізінде жауабы дайын емес, беймәлім, шешімін тілеп тұратын, яғни жаңа өнімді, жаңа білімді керек ететін мәселелер жатады. Оны өздерің шешіп, өздерің табуларың керек. Дайын білімді қайталап айтып беру, өздеріңді ізденіске апармайды. Сондықтан қай пәнде болмасын оқулықта берілген білімді мазмұндап айта бергеннен гөрі, ойланып, өзіңше толғанып, өз көзқарасың мен пайымдауларыңа ерік беріңдер. Оқулықтағы білім мазмұнымен шектеліп қалмай, қосымша құжаттарға, ғалымдар еңбегіне үңіліңдер (сол тақырып бойынша). өз беттеріңмен іздену, талпыну - терең білім алудың негізгі қадамдары. Ал «білімді мыңды жығады» дегендей, сол терең білімділік ғылымға алып келетін негізгі қайнар көз екенін түсініңдер. Проблеманы шешу, мақсатқа жету, ең алдымен, проблемалық сұрақтардың жауабын табудан басталады. Проблемалық сұрақтарды жай сұрақтардан ажырата білу керек. Көркем шығарманы оқып отырып, оның негізінде қандай проблема жатыр, қаламгер не айтпақшы болған, қандай мәселелер көтерген, соның айналасында ойлану қажет. Мысалы, ұлы жазушы М.Әуезов «Қорғансыздың күні» әңгімесінде жас бала Ғазизаның Ақан болыстың мазағына ұшырауын, жантүршігерлік сұмдықты әңгімелейді. Енді ойлаңдаршы, Ғазиза осы тағдырға неге ұшырады, кім кінәлі, тек Ақан болыс па? Жазушы не айтпақ болған, әңгіме негізіндегі ой нені меңзетеді? Әңгіме неге табиғатты, боранды суреттеуден басталады? Оқиғаға еш қатысы жоқ Күшікбай батыр туралы неге жазылған? Әңгіменің ең соңына үңіліңдер:
«...Жиылған ағайындары көп ұзамай-ақ екі жас бейіттің арасында өлік болып қалған Ғазизаның сүйегін тауып алды. ‡стіндегі онсыз да жұқа киімдері әр жерге шашылып қалыпты. Ғазизаның шашы азырақ дудырап қапты. Денесінің жартысын қар басқан. Әкесінің бейітіне жабысып, қасіретті өмірдің ақырғы қуатын сол жерде берген екен.Өлер сағатына шейін қабағын басқан қайғы бұл уақытта жадыраған: ізі қалған жоқ. Балалық жүзінде: «Менде жазық жоқ, мен тазамын», - деген ашық тазалықтың белгісі, қайғы-қасіреттен сейілген жас баланың ажары бар.
Жауыздықтың жас құрбаны қасіретке толы өмірінің азапты ақ-түтегінен адасып өліп, мәңгі толас тапқандай...»
Ғазиза сұмдардың қолынан қаза тапты. Ойлаңдаршы, жазушы әңгімені неге осылай аяқтаған? Ғазизаның жауыздыққа тап болып, қайғылы қазаға ұшырауын керісінше басқадай көрсетуге болатын еді ғой. Мысалы, боран одан әрі бұрқырап, күн қараңғылана түсіп, түнергені дұрыс болар ма еді? Шағын әңгіме проблемаларға толы. Енді соның шешімін, жауабын іздестіріп көрейік, болжам жасайық, өздерің де ойлана отырыңдар.
- Шебер жазушы табиғаттың дүлей күші-боранды суреттей отырып, әңгімеде баяндалатын сұмдық оқиғаны меңзетеді де «Кім қатал, кім дүлей, боран ба, әлде Ақандар ма?» деген ой тастайды.
- Күшікбай батыр тарихын лирикалық шегініс арқылы әңгімелей отырып, оны Ақандарға қарама-қарсы қоятын сияқты. Нағыз ер кім? Соңғы демі қалғанша елін, жерін жаудан қорғаған Күшікбай ма, әлде қорғансыз сәбиді қорлап, жауыздық жасаған Ақан ба?
- Енді әңгіменің соңындағы суреттерге назар аударайық. Боран ашылған. Қорлықтан өлсе де Ғазиза жүзінде күлкі үйірілген. Себебі ол таза, сәби, кінәсі жоқ (оны жазушының өзі де жазады ғой). Әңгіме негізіндегі басты проблема-қорғансыздар проблемасы, жазушы қорғансыз Ғазизаны осы соңғы көрініс арқылы қорғайды да. Осы әңгімені оқымасаңдар оқып, өздеріңше талдау жасаңдар. Мүмкін, сендер басқа да проблеманы табарсыңдар. Дәптерлеріңе тұжырымды етіп, жазып қойыңдар. Достарыңмен, мұғалімдеріңмен әңгімелесіңдер. (жалғасы бар...)

 

 


 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста