Астанада жарыс кезінде велошабандоз көз жұмды

Астанадағы Tour of Uly Dala веложарысы кезінде ер адам қайтыс болды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Sputnik Қазақстан"-ға сілтеме жасап.
Қазақстанның велоспорт федерациясы таратқан мәліметке сәйкес, жарыс кезінде бір велошабандоз жолдың жиегіне тоқтап, кенеттен қайтыс болған.
"Алдын ала мәліметке сәйкес, 1983 жылы туған ер адамның жүрегі шыдай алмады. Жарыста кезекшілік атқарған жедел жәрдем бригадасы шұғыл көмек көрсетті. Өкінішке қарай, ер адам қайтыс болды", - делінген ресми хабарламада.
Веложарыс ұйымдастырушылары марқұманың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтты. Веложарысты тоқтатуға шешім қабылданды. Спорт додасы екі күнге – 15-16 шілдеге жоспарланған болатын.
Читайте также

Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре

Фанаты "Барыса" получили негативные известия

GTA VI впервые покажут уже в декабре

Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке

"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу

Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу