7 миллиардыншы адам дүниеге келмек
Биыл Жер шарында 7 миллиардыншы тұрғын өмірге келеді. Гарвард университетінің демографы Дэвид Блум 2011 жылы Жердегі халық саны 78 миллионға көбейетінін болжап отыр.
CNN-нің хабарлауынша, Блум 2011 жылы Жер шарында 135 миллионға жуық адам туылып, 57 миллионға жуық адам қайтыс болатынын айтады. Демек, ғаламшар халқы 78 млн адамға көбейіп, әлдеқашаннан бері межеленіп келе жатқан 7 миллиардтық көрсеткішке биыл-ақ жетуіміз мүмкін. Халық санағы америкалық бюросының (USCB) мәліметінше, қазіргі мезгілде Жер шары тұрғындарының қатары – 6 930 000 адам. Демографтың есебінше, 2050 жылға қарай дүниежүзі халқының саны 2,3 млрд адамға өседі. Табиғи өсім негізінен дамушы елдерде байқалады.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу