Адамзаттың Даун ауруын жеңетін күні жақын
Массачусетс университеті Медицина мектебінің ғалымдары Даун синдромын ауыздықтауға болатынын жария етті. Ғалымдар аурудың дамуына себеп болатын хромосоманың артық көшірмесін алып тастауға қол жеткізді.
ru.wikipedia.org
Мeddaily.ru-дың хабарлауынша, қалыпты адамда хромосомалардың 23 жұбы болса, Даун синдромы бар адамдар 21-хромосоманың үшінші артық көшірмесімен туылады. Бұл ауытқушылықтың кесірінен науқасқа Альцгеймер ауруымен бірге жүрек-қанайналым жүйесі дерттері де жабысады. Джин Лоренс бастаған дәрігерлер тобына 21-хромосоманың артық данасын ауыздықтау мүмкін болды. Ол үшін ғалымдар XIST генін науқастың тін жасушаларына енгізді. Әдетте бұл ген қыз балалардағы кемістікке жауапты Х хромосомасын жоятын. Әзірше сынақ жасушалы өсімдікке жасалды. Адамға қолдану үшін тәжірибені жетілдіру қажет.