Әлемдегі ең алып қоянның қаңқасы табылды
Жерорта теңізі аралдары аумағынан 3-5 млн жыл бұрын тіршілік еткен қоянның тас боп қалған қаңқасы табылды. Ғалымдар мұны «әлемдегі ең алып қоян» атап отыр.
Археологиялық зерттеулердің нәтижесінде ғалымдар миллиондаған жыл бұрын жер бетін мекен еткен қояндар өте ірі болған деген болжам жасады. Себебі табылған қоян қаңқасына қарағанда, оның салмағы 12 келі болғанға ұқсайды. «Қояндардың патшасы» аталып отырған қаңқаның көлемі қазіргі үй қояндарынікінен алты есе үлкен. Ғалымдар жасаған тағы бір қорытынды бойынша, қояндардың іріленуіне аралдағы тіршілік ортасы жағдайы себеп болған. Аралдар жағдайында ірі сүтқоректілер кішірейіп, керісінше, ұсақ аңдар іріленеді екен.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу