Әлемдегі ең көпбалалы әке көз жұмды
Кенияда 100 әйелі, 150-ден астам баласы болған 90 жастағы Ансентус Акуку дүние салды. Гиннестің рекордтар кітабы бойынша әлемде мұнша көп баланы дүниеге әкелген әке болған емес.
CNN телеарнасының мәліметінше, Акуку ең алғаш 1939 жылы үйленген. Кенияда көп әйел алу – дәстүр. Сондықтан 1992 жылға дейін Акуку 100 әйел алған. Олардан 150-ден астам бала дүниеге келді. Әйелқұмар кениялық 30 зайыбымен заң жүзінде ажырасып та үлгеріпті. Ақсақал 90-ға келгенше тың болған. Көбіне көкөніспен ауқаттанатын ол қан қысымының тым жоғарылауы салдарынан науқастанып, ауруханада көз жұмған.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу