Емтиханға кірерде сағыз шайнаған пайдалы екен
Емтихан алдында кемінде бес минут сағыз шайнаған адам тапсырмаларды сәтті орындайды. АҚШ-тың Әулие Лаврентий университетінің зерттеушілері 80 студентті сынақтан өткізіп, осыны растады.
Зерттеудің нәтижесінде емтиханнан бес минут бұрын сағыз шайнаған студенттер берілген тапсырмаларды мүдірмей орындап шыққан. Қиын есептерді қиналмай шешкен. Позитивті әсер 15-20 минут уақытқа созылыпты. Зерттеу тобының жетекшісі Серж Онипердің айтуынша, сағыз шайнау мидың қозуын ұлғайтады. Бірақ сағызды тапсырмаларды орындау кезінде, яғни емтихан-сынақ барысында шайнамаған дұрыс. Бұл кезде мидың қозуы кері эффект береді.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу