Ерлі-зайыптылар жиі ұрсысып тұруы керек пе?
Неке берік болуы үшін ерлі-зайыптылар аптасына кемінде бір рет жанжалдасуы қажет. Отбасылық қатынастарға қатысты жаңа зерттеуді жария еткен Үндістан психологтері осындай кеңес береді.
The Daily Mail-дың хабарлауынша, Shaadi.com порталы мен IMRB талдау агенттігінің ғалымдары көптеген отбасылық жұптың қарым-қатынасына талдау жүргізген. Зерттеуге қатысқан ерлі-зайыптылардың 44%-ы үй ішіндегі ұрыс-керістің өзара түсінісуге көмектесетінін айтқан. Олардың жауабына қарағанда, дау-жанжал отбасындағы кейбір мәселелерді дұрыс шешуге септігін тигізеді, әрі ер мен әйелді күйзелістен құтқарады. Алайда америкалық профессор Уильям Доэрти үнді психологтерінің ұрыс-керісті насихаттауына қарсы болып отыр. Ғалымның айтуынша, айқай-ұйқайдың жұпаралық қарым-қатынасты нашарлатпайтынына ешкім кепілдік бере алмайды.