Ішінде жұмбағы бар ежелгі бақалшақ табылды
Ағылшын балықшылары 150 млн жыл бұрынғы устрицаны тауып алды. Тас болып қатқан бақалшақты магнитті-серпінді томографиядан өткізген кезде оның ішінде беймәлім дөңгелек нәрсе бар екені белгілі болды.
utro.ru
Daily Mail-дың хабарлауынша, ежелгі дәуірден жеткен моллюск Солент бұғазы жағалауынан алыс емес жерде табылған. Балықшылар оны бірден ғалымдардың қолына тапсырады. Тарихшылар мен зоологтер бақалшақтағы қатпарларға қарап, оның жас шамасын тұспалдады. Устрица 150 млн жылға жуық уақыт бұрын пайда болған және ол әлемдегі ең ежелден жеткен моллюск атанып отыр. Ғалымдарды таңғалдырғаны: бақалшақ өз ішіне бір құпия нәрсені жасырып отырған тәрізді. Томографиялық бақылаудың нәтижесінде устрицаның ішінде гольф добы пішіндес зат бары анықталды. Ғалымдар теңіз жәндігінің бір кездері әлдеқандай бағалы затты жұтып қоюы әбден мүмкін екенін топшылайды.