Күзде туғандар ұзақ ғұмыр кешеді екен
Қыркүйек пен қараша айлары аралығында туған сәбилердің жүз жасау мүмкіндігі жоғары. Чикаго университеті дәрігерлерінің жуырда жарық көрген зерттеуінің қорытындысы осындай.
stranamam.ru
Ғалым Леонид және Наталия Гавриловтар 1880-1895 жылдары АҚШ-та туылған 1500 адамның мәліметтеріне талдау жасаған. Бұл адамдардың бәрі – 100 жасағандар. Зерттеудің нәтижесінде олардың денінің күзде туылғаны белгілі болды. Сонымен бірге, аз ғана топтың наурыз, мамыр, шілде айларында туғаны есепке алынды. Гавриловтардың айтуынша, көктемгі инфекциялар адам денсаулығына кері әсер етеді. Сол себепті көктемде дүниеге келген сәбилердің жүз жасау ықтималдығы өте төмен. Ал ұзақ жасау үрдісі, негізінен, қыркүйек пен қараша айлары аралығында туған адамдар арасында байқалып отыр.