Ленин өлімінің себебі нақтыланды
Владимир Ильич Лениннің өліміне оның ағзасындағы тұқымқуалаушылық қасиеттің нашарлауы себеп болуы мүмкін. Америкалық ғалымдар коммунистер көсемінің мерезден өлгені туралы тұжырымды жоққа шығарды.
Utro.ru порталының хабарлауынша, Ленин өлімінің себебіне қатысты жорамал Американың Мэриленд штатында өткен халықаралық медициналық конференцияда айтылды. Ғалымдар Лениннің денесін кесіп, талдау жүргізген. Зерттеудің нәтижесіне қарағанда, әлемдік пролетариаттың көсемі бас миы қан тамырының қатаюымен ауырған. Мұндай кесел инсульттың салдарынан жабысқанға ұқсайды. 53 жыл өмір сүрген саясаткердің ағзасындағы қорғаныш жүйесі де әлсіз болған. Естеріңізге сала кетейік, ресми нұсқа бойынша, Ленин өлімінің себебі «бас миы тамырларының зақымдануымен байланысты диффузды атеросклероз» делінеді. Алайда бір топ еуропалық ғалым оның жыныстық жолмен жұғып, жүйкені зақымдайтын аурудан қайтыс болғанын дәлелдеуге тырысады.