Ньютонға жаңалық ашқызған алма ағашы ғарышқа барады
Тұрақтылық заңын ашардың алдында Исаак Ньютон саясына отырған алма ағашы ғарышқа сапар шегеді. Ағаштың бұтағын орбитаға NASA астронавты Пирс Селлерс алып шығады.
New Scientist басылымының хабарлауынша, «Атлантис» шаттлы ғарышқа мамырдың 14-і күні сапар шекпек. «Ньютон алма ағашын» ғарыш кеңістігіне алып шығу Британ корольдік қоғамының 350 жылдық мерейтойына арналып отыр. Аңыздан белгілі, ағаш түбінде саялап отырған әйгілі физик Исаак Ньютонның басына алма құлап кетеді. Бұл жайт ғалымға гравитациялық тұрақтылық жайында ой салады. Сөйтіп, оның физика теориясындағы үлкен заңдылығы дүниеге келеді. Ньютонға қозғау салған бұл ағаш 1752 жылы Ньютонның досы әрі биографы Уильям Стакли жазып қалдырған тарихи естелік негізінде биыл ғана табылған болатын.