Омарташылық курс ашылмақ

Омарташылық курс ашылмақ

Елімізде омарташыларға арналған курс ашылмақ. Оқуды тәмам­да­­ған­дарға омарташылық жабдықтар мен бал аралары беріледі. Тіп­тен қажет болса несие де беріледі екен.
Солтүстік Қазақстан облысында аймақты өздерінің балымен қамтамасыз ету үшін қалауы барлардың барлығы үшін омарташылық курсын ашпақшы, – деп хабарлайды ҚазТАГ. Мұндай мәліметті СҚО омарташылар қауымдас­тығының төрағасы Олег Гаврилов таратқан. Оның айтуынша, омарташы­лық белсенді түрде дамып келеді және бұл салаға деген қызығушылық артып келе жатқандығы байқалады. Бірақ бұл істі қалай бастау керектігі туралы білікті кеңес алу омарташылықты енді баста­ған­дарға өте қиын. Сондықтан осындай курстарға деген қажеттілік туындаған. Курстың негізгі мақсаты – омарта үйшіктері мен омарташылардың санын арттыру және аймақты толығы­мен өздері өндіретін балмен қамта­масыз ету. Бастаушылар үшін курс үш айға созыла­ды. Омарташыларды бал ара­сының мамандары оқытады және атал­мыш қауымдастық омарта­шылық­тың барлық қырларын қамты­мақ­шы. Бал арасы мен олардың отбасылары туралы жалпы ақпарат, омарташылық­тың бал беретін базасын үйрену, нақты іс жүзін­дегі мастер-кластар өтеді. Курстардан соң, оны бітіргендерге омарташылық жаб­дық­тар, бал арала­ры беріліп, сондай-ақ бал беретін өсімдік­тері бар жайылымдар бөлініп және қажет бол­ған жағдайда несие де бері­леді екен.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста