Қоғамдық көлікте билетсіз жүруге болады
Енді Ресейде қоғамдық көлікте билетсіз жүргендер әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтын болды. Елдің мемлекеттік думасы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске тиісті өзгертулерді енгізбекші.
Regnum агенттігінің хабарлауынша, қазір Ресейде қоғамдық көлікте жолақысын өтемеген адамға 100 рубль көлемінде айыппұл салынады. Бұл жолақыға ақша таба алмай қиналған азаматтардың қалтасына одан сайын ауыр тиеді. Сол себепті мемлекеттік дума әкімшілік заңнамаға енетін түзетулерді қайта қарамақшы. Депутаттардың көбі билетсіз жолаушыға айыппұл төлететін бапты алып тастауды қолдайды. Думаның көлік жөніндегі комитетінің төрағасы Сергей Шишкаревтің пікірінше, қоғамдық көліктегі контролердің жолаушыға қандай да бір айыппұл салуға мүлдем құқы болмауы керек.