Шаштың түсі мен қатерлі ісік арасында байланыс бар
Жирен шашты ер адамдар аталық без қатерлі ісігіне өте сирек шалдығады. Американың Луисвилл университетінің дәрігерлері қатерлі ауру мен шаш реңіне жауапты ген арасында байланыс барын дәлелдеді.
schwarzkopf.ru
Әзірше бұл заңдылықтың себебі нақтылана қойған жоқ, дегенмен мамандардың зерттеуі айқын нәтиже көрсетті: жирен шаштылар өзгелерге қарағанда жыныс безі обырына 54%-ға сирек шалдығатын болып шықты. Шаштың пигменттенуіне жауапты MC1R гені без ісігінің дамуына да әсер етуі мүмкін. Есесіне, мұндай адамдардың терісі аппақ болатындықтан, олардың бойында тері қатерлі ісігі қаупі күшті екен. Бүгінде Жер шары тұрғындарының 2%-ы жирен шашқа ие. Жирен шаштылар санының көптігінен Шотландия алда – ел халқының 13%-ы.