Түйме көрсе зәресі қалмайтын адам анықталды
Ұлыбританияның Тайндағы Ньюкасл қаласының тұрғынынан ерекше фобия анықталды. 30 жастағы Луиза Фрэнсис пластикалық түймелерден қатты қорқатын болып шықты.
Ағылшын басылымдарының хабарлауынша, дәрігерлер әйелге «кумпунофобия» деген диагноз қойды. Луиза түймелерден ең алғаш жеті жасында қатты қорыққан. Содан бері оның гардеробында түймесі бар киімдер жоқ. Дегенмен джинсиіндегі темір ілгектер әйелдің ешқандай үрейін туғызбайды екен. Әлем дәрігерлері бұл фобияның сырын анықтай алмай келеді. Кумпунофобия әрбір 75 мыңыншы адамның бойынан кездесетін көрінеді.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу