Ұлыбританияда ұлулардың жарысы өтті
Ұлыбританияның Норфолк графтығына қарасты Конгэм ауылында ұлулардың жарысы өтті. Norfolk Eastern Daily Press агенттігінің хабарлауынша, 32 сантиметр қашықтықты үш минут және 41 секундта кесіп өткен Сидни атты ұлу жарыстың жеңімпазы атанды.
Жарысқа барлығы екі жүзге жуық ұлу қатысқан. Сынға түскен ұлулардың тізімі жарысқа дейін бірнеше сағат бұрын өткізілген ептілік сайысынан кейін белгілі болды. Ұлулар ыңғайлы болу үшін бетіне сулы мата жабылған үстел үстінде өнер көрсетті. Жарыс шарты бойынша, сөреге аяқ тигізген сәттен бастап иесі өз жәндігіне қол тигізбейді. Бәйгенің бас жүлдесі – саптыаяқ. Жалпы, ұлулардың жарысы Ұлыбританияда бірнеше жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді. Мәселен, 2009 жылы Хейкки Ковалайнен атты ұлу бас жүлдені иеленді. Ал 1995 жылы 32 сантиметр қашықтықты екі минутта кесіп өтіп, Арчи деген ұлу рекорд орнатты.