Үш ағайынды бір мезгілде жүрек талмасына ұшырады
Италияда үш ағайынды адамда бір мезгілде инфаркт болды. Медицина тарихында бұрын-соңды мұндай жайт тіркелмеген.
The Daily Telegraph-тің хабарлауынша, 53 жастағы Альберт пен 45 жастағы Гвидо Гарофалолар отбасымен бірге Катания қаласының іргесіндегі Этна тауының баурайына демалуға шыққан. Кенет Гвидоның жүрегі қысылып, құлаған. Артынша Альберто да кеудесін ұстап, есінен танып қалады. Ағайынды кісілердің әйелдері дереу құтқарушылар мен дәрігерлерді шақырады. Оқиға орнына тікұшақпен келген дәрігерлер Гарофалолардың миокард инфарктінен қайтыс болғанын анықтады. Кейін дәл осы мезгілде бұлардың тағы бір туған бауырының жүрек талмасына ұшырағаны мәлім болды. Қазір Катаниядағы Гарибальди ауруханасының дәрігерлері феноменнің сырын зерттеп жатыр.