Ұшақтағы жарқанат адамдарды құтыртып жібере жаздады
АҚШ-та жолаушылар ұшағына кездейсоқ кіріп кеткен жарқанат 50 жолаушыны әбігерге салды. Енді ұшақта болғандардың бәрі құтыру ауруына қарсы тексерілмек.
Халықаралық ақпарат агенттіктерінің мәліметінше, оқиға Delta әуе компаниясының ұшағында болған. Мэдисон қаласынан Атлантаға бет алған ұшаққа жарқанат кіріп кетіп, әрлі-берлі ұшып, қиғылық салады. Ұшақ қызметкерлері қауіпті жәндікті дәретханаға қамап құтылады. Бірақ сапар жалғаспай, әуе көлігін қайтадан Мэдисон әуежайына қондыруға тура келеді. Ұшақ қонақтағаннан кейін жарқанат телескопиялық құбыр арқылы сыртқа шығарылған. Ал 50 жолаушы дәрігерлік тексерістен өтпекші. Өйткені адамдардың берекетін алған жәндік құтырған болуы мүмкін. Айта кетейік, АҚШ-та құтырған жарқанаттар шабуылы жиі тіркеледі. Америка аурулардың алдын алу және бақылау орталығының мәліметі бойынша, елде жыл сайын жарқанаттың әрекетінен орташа есеппен үш адам құтырады.