Жағымды музыканың шипасы дәрігердің көмегімен тең
Музыка жүрек қызметін жақсартып, талмасы бар науқастардың жазылып кетуін тездете алады. Сербиялық ғалымдар «сүйікті әуендердің шипасы дәрігердің көмегімен тең» деп отыр.
meddaily.ru
Музыканың емдік қасиеті бұрыннан да айтылып жүр. Бірақ Ниш университетінің кардиологтері мұны тәжірибе жүзінде тағы бір растады. Мeddaily.ru-дың хабарлауынша, жүрегі ауыратын 74 адам үш топқа бөлінген, алғашқы топ үш апта бойы гимнастикамен айналысты, екінші топ гимнастикамен бірге сүйікті әуендерін тыңдауға уақыт бөлді, ал үшінші топ тек қана музыка тыңдаумен әуестенді. Зерттеудің нәтижесінде үш топтың да қан айналым жүйесі қызметі мен ауруға төзімділігі бірдей 20-40%-ға жақсарғаны белгілі болды. Ғалымдардың айтуынша, сүйікті әуендерді тыңдаған кезде ми эндорфиндерден (химиялық қосындылар) арылады, сөйтіп, қан тамырларының жұмысы жақсарады. Жүрек ауруынан айығу үшін көңілді инструменталды классикалық музыка тыңдаған жөн екен.