Сіз естідіңіз бе?
Семіздер тыныс алғанда метан мен сутегі көп бөлінеді
Адамның ішек микробтары бөлетін газ оның семіздік ауруының көрсеткіші болуы мүмкін. Сондықтан америкалық дәрігерлер мұны анықтау үшін адамның тыныс алуын тексеруді ұсынады.
Асқабақ сөлі ажалдан сақтайды
Ащы асқабақтың шырыны ұйқы безі жасушаларының қатерлі ісік туғызуына жол бермейді. Колорадо университетінің ғалымдары дәл осы өнімнің көмегімен онкологиялық өлім-жітімді азайтуды ұсынады.
Мұрын операциясы жөнінен көшбасшы ел анықталды
Иран мұрын пішінін өзгерту операциялары жөнінен әлемде көш бастайды. Жыл сайын елдің 200 мың тұрғыны мұрнына пластикалық операция жасатады екен.
Жаңылтпаш айтудың құпиясы ашылды
Нейробиологтер жаңылт­паштың миға әсерін тұң­ғыш рет бақылады. Дыбысталуы бір-бірінен аумайтын тір­кестерді ұйқастыра қайталау­дың қиын болатыны ней­рондардың жұмысына байланысты екен.
Музыкамен тым ерте айналысу мидың дамуына ықпал етеді
Жеті жасқа дейінгі кезеңде музыкамен айналысу бала миындағы нейронды байланыстардың дамуын жеделдетеді. Канадалық ғалымдар музыкамен ерте жастан шұғылданған балалардан дарынды адамдар шығатынын айтады.
Енді ғаламдық суыту құбылысы басталады
Ақырзаман жайлы дүрлігу басылмай жатып, тағы бір үрейдің ғаламды жайлайтын түрі бар. Ресейлік ғалымдар келер жылы кіші мұз дәуірі басталатынын айтып отыр.
Балалық шақтағы депрессия өмір бойы сақталады
Балалық шақтағы жағымсыз эмоцияның барлығы есейген сайын адам жүрегіндегі ақауларды көбейте береді. Балаңыз жеті жасқа дейін депрессияға ұшырап үлгерсе, кейін жүрегі ауыратындардың қатарынан табылуы әбден мүмкін.
Корей жігіттері косметикаға құмар
Оңтүстіккореялық ерлер косметика қолданудан әйелдерді басып озып барады. Бұған қоса әрбір бесінші бозбала макияжсыз жүре алмайтын болған.
Есінеу мен мидың дамуы байланысты
Сәбидің есінеуі мен оның миының дамуы бір-бірімен тығыз бай­ланысты. Ұлыбританияның Дарем университетінің ғалымдары құр­сақтағы 15 нәрестенің дамуын бақылап, осындай қорытындыға келді.
Рэп оқу адамның ойлау қабілетін арттырады
Суырып салма рэп орындау адамның миына өте пайдалы. Америкалық ғалымдар фристайл кезінде ми аймақтарының белсенділігі артып, ойлау қабілетінің жақсаратынын анықтады.
Ерлердің отбасына адалдығына жауапты гормон табылды
Бонн университетінің ғалымдары ерлердің бойын­да болатын бір гор­монның ерекше қасиетін анықтады. Ғалымдардың пайымдауынша, окситоцині көп ерлер отбасына адал келеді.
Таяқ жеп өскен бала созылмалы дертке бейім болады
Баланы ұрып-соғу оның қатерлі ісік, жүрек аурулары мен демікпеге шалдығуына себеп болуы мүмкін. Ұлыбританияның Плимут университетінің мамандары балалық шақта жәбір көргендер ағзасының созылмалы дертке бейім келетінін анықтады.
Кит тұқымдас балық сөйлеуді үйренді
Калифорнияда кит тұқымдас жануар адамның сөзін қайталай алатын болып шықты. Оның сөйлеу мүмкіндігі жергілікті акваторияда жүргізілген суасты сынақ нәтижесінде расталды.
Өрмекші құрылыс жұмыстарын тоқтатты
Американың Техас штатында 15 миллион доллар қаржы төленген құрылыс жұмыстары сирек кездесетін бүйі үшін тоқтап қалды. Осыдан 32 жыл бұрын табылған бүйінің екіншісі де дәл сол жолдың бойын мекендегені үшін кеңейтілуі тиіс болған жолдардың құрылысы әрі қ
Шөп шегу қатерлі ісікке шалдықтырады
Марихуана шегу аталық ұрық безі қатерлі ісігіне шалдықтырады. Оңтүстік Калифорния университетінің ғалымдары келешегіне бейжай қарамайтын ерлерді есірткі шөпті «қызық үшін» шегуден бас тартуға шақырады.
Ең үлкен автобус күзде пайдалануға беріледі
Германияның Дрезден қаласында ұзындығы 30 метр болатын автобус шығарылды. Ол әлемдегі ең үлкен автобус саналып отыр.
Отқа қақталған ет ерлер ағзасына зиян екен
Қатты қуырылған ет өнімдерін жиі қолдану аталық бездің қатерлі ісігіне себеп болуы мүмкін. Оңтүстік Калифорния университеті жанындағы Кек медицина мектебінің дәрігерлері стейк, антрекот және басқа да тағам түрлерінің ағзаға қауіп төндіретінін анықтады.
Ең діндар мемлекеттер анықталды
Гэллап халықаралық қауымдастығы 57 елдің азаматтарын діндарлық деңгейі бойынша бағалап шықты. Соның нәтижесінде әлемнің ең иманды және ең атеист мемлекеттері анықталды.
Тауықтың отаны – Азияның оңтүстік-шығысы
Ғалымдар әлем бойынша табылған ежелгі тауық сүйектеріндегі ДНК үлгілеріне талдау жасап, үй құсының ең алғаш Азия құрлығында қолға үйретілгенін растады. Барлығы 92 археологиялық жәдігер зерттелген.
Өмір сүру ұзақтығы жөнінен Гонконг әйелдері көш бастайды
Әйелдерінің ұзақ жасауы жөнінен Гонконг әлем бойынша алғашқы орынға шықты. Осы кезге дейін 26 жыл қатарынан бұл көшбасшылық Жапониядан ауыспай келген еді.