Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан бес адам ажал құшты
«Алматы-Астана» автожолында көлік апатынан бес адам мерт болды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы Нalyq-uni.kz тілшісі Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап жазды.
26 шілде күні сағат 11:00-де «Тойота-Каролла» маркалы автокөліктің 29 жастағы жүргізушісі «Алматы-Астана» автожолының 225 километрінде келе жатып, қарсы жолаққа шығып кетіп, «Тойота-Камри» маркалы автокөлікпен соқтығысқанын хабарлаймыз. Апат салдарынан екі жүргізуші мен үш жолаушы оқиға орнында алған жарақаттарынан қаза тапты,- делінген хабарламада.
Ведомствоның ақпаратына сәйкес, дерек ҚР ҚК 345-бабы бойынша Жамбыл ауданы ПБ-да тіркелді.
Қажетті сараптамалық тексерулерді тағайындаумен тергеу іс-шаралары жүргізілуде.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz