Алматыда пойыз екі машинаны қақты
Жол апаты туралы Ксения Зеленская әлеуметтік желіде хабарлады. Оның айтуынша оқиға 6 мамыр таңертең Боралдай көшесіндегі теміржол өткелінде болған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.
«Уақытша сақтау қоймасына бара жатқан пойыз Toyota Caldina мен Subaru Impreza-ны қақты. Шлагбаум ашық болған, бағдаршам жанбай тұрыпты, кезекші оқиға болған соң ғана сыртқа шыққан. Екі көлік бүлінді», — деп жазды бойжеткен.
«Қазақстан темір жолы» апат 6 мамыр таңғы сағат 9:42-де Алматы бекетінің жеке кірер жолындағы күзетілетін теміржол өткелінде болғанын растады. ҚТЖ қызметкерлері оқиға кезінде өткелдегі дабыл жүйесі дұрыс жұмыс істеп тұрғанын айтты. Өткелде жеке кәсіпорын қызметкері кезекшілікте тұрған. Оған кінә тағылды ма, жоқ па, компания хабарлаған жоқ, бірақ сот барысында теміржолшылар апатқа адами фактор әсер еткенін алға тартатын сияқты.
Жол апатының суреттері жарияланды, одан шлагбаум ашық тұрғанын көруге болады.