Ақтөбе облысында оқушылар мінген автокөлік жол апатына түсті
Ақтөбе облысында Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылында жол апаты болды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы sputnik.kz тілшісі "Мой город" порталына сілтеме жасап жазды.
Аудан орталығының көшесінде "Нива" және "Лада Приора" автокөліктері соқтығысқан.
"Нива" салонында кәмелетке толмаған бес бала болған, рөлде ауыл тұрғыны отырған. Жол апаты салдарынан 12 жастағы қыздың бұғанасы сынған. Полиция тергеу жүргізіп жатыр.
Балалар көлікке ата-аналарының рұқсатымен мінгені белгілі болды. Спорт басқармасы оқушылардың жарысқа бармағанын хабарлады.
Еске салсақ, былтыр желтоқсанда Ақтөбе облысында Шұбарқұдық БЖСМ тәрбиеленушілері жол апатына ұшыраған болатын. Олар облыс орталығына волейболдан жарысқа шыққан. Сегіз бала мен жаттықтырушы түрлі жарақат алды. Жеңіл машинаның рөлінде БЖСМ директорының орынбасары отырған. Жақында бұл іс бойынша Алға аудандық сотында сот талқылауы басталды.