Ақтөбе облысында жол апатынан 4 адам ажал құшты
Ақтөбе облысында жол апатынан шетел азаматтары қаза тапты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі POLICE_of_KZ телеграм арнасына сілтеме жасап.
21 маусым сағат 8:15 шамасында Қобда ауылы маңында Самара-Шымкент автожолының 631 шақырымында шетелдіктердің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды.
Hyundai Starex автокөлігінің жүргізушісі, Тәжікстан Республикасының азаматы рөлді басқара алмай, автокөлікті аударып алған. Салдарынан екі жолаушы, оның ішінде 15 жастағы кәмелетке толмаған қыз бала оқиға орнында қайтыс болды. 6 адам Қобда ауданының ауруханасына түрлі жарақаттармен жеткізіліп, онда 2 адам, оның ішінде 1 кәмелетке толмаған бала қайтыс болды.
Алдын ала болжам бойынша, автокөлік жүргізушісі көлік құралын шаршаңқы күйде басқарған.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу