ШҚО-да адам шығынына алып келген 2 жол-көлік оқиғасы болды
ШҚО-да бір күнде адам шығынына алып келген 2 жол-көлік оқиғасы болды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі POLICE_of_KZ телеграм арнасына сілтеме жасап.
9 шілде күні сағат 11:50 шамасында Омбы – Майқапшағай тас жолының 1247-шақырымында Кенсай және Жарсу ауылдарының қиылысында болған жол апатынан 6 жасар бала қаза тапты.
Келесі ЖКО 13:30 шамасында Өскемен - Рахман қайнарлары тас жолының 53 шақырымында болып, салдарынан екі адам қаза тауып, бірнеше жолаушы дене жарақатын алды.
Екі дерек бойынша да сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.
Құрметті жүргізушілер, полиция департаменті сіздерді жол жүрісі қағидаларын, жылдамдық режимін қатаң сақтауға және көліктеріңіздің жарамдылығын бақылауға алуға шақырады.