Шымкентте полиция көлігі екі жолаушыны қағып кетті
Шымкентте полицейдің қатысуымен болған ЖКО дерегі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
3 тамыз күні сағат 17:00 шамасында Байтұрсынов көшесіндегі жаяу жүргіншілер өткелінде Тұран АПБ-ның жүргізуші полицейі қызметтік автокөлікпен 2 адамды қағып кеткен.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан анасы мен кәмелет жасына толмаған қызы ауруханаға жеткізілді.
Аталған жайт Шымкент қаласы полиция департаментінде ҚР ҚК-нің 345-бабы 2-бөлігі (Көлік құралдарын басқаратын адамның абайсызда адам денсаулығына ауыр зиян келтіруге әкеп соққан жол жүру қағидаларын бұзу) бойынша тіркелді.
Қажетті сараптамалар тағайындалды.
Шымкент қаласы ПД-ның басшылығы зардап шеккендерден және олардың туыстарынан полиция қызметкері жолда адамдардың жарақат алуына жол бергені үшін кешірім сұрайды.
Сотқа дейінгі тергеумен ПД-ның анықтау басқармасы айналысып жатыр.
Тергеу барысы Шымкент қаласы полиция департаментінің бастығы Қайрат Далбековтің қатаң бақылауында.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz