Талдықорғанда той кортежі жасөспірімді қағып кетті
Талдықорғанда той кортежіндегі Toyota Camry көлігі 13 жастағы мопедисті қағып кетті. Көп жарақат алған жасөспірім ауруханаға жатқызылды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Sputnik Қазақстан"-ға сілтеме жасап.
Әлеуметтік желіде мопед мінген жасөспірім мен той кортежінің соқтығысқан видеосы қызу талқыланып жатыр.
Жеңіл көлік қатты жылдамдықпен келе жатып скутерді қағып кеткен.
Белгілі болғандай, мопедті 13 жастағы жасөспірім жүргізген. Оны оқиға орнынан жедел жәрдем көлігі алып кетті.
Полицейлер бейнежазбаға қатысты жауап беріп, жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Ведомстводағылар көліктер Абылайхан мен Сланов көшелерінің қиылысында соқтығысқанын айтты.
"Сараптамалар жасалады. Көліктер арнайы тұраққа қойылды. Тергеу барысында иномарка жүргізушісіне қатысты "келуге міндеттеу" процестік мәжбүрлеу шарасы белгіленді", - деп хабарлады облыстық полицияның баспасөз қызметі.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz