Тасжолда келе жатқан жүк көлігі аударылып, жарылып кетті

Тасжолда келе жатқан жүк көлігі аударылып, жарылып кетті

Өзбекстанда лак-бояу өнімдері тиелген жүк көлігі еңіске түсіп келе жатқанда жылдамдығы артып, аударылып, жарылып кетті. Жартылай тіркемедегі өнімдер асфальтқа төгіліп, өртеніп кетті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі Өзбекстанның Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап жазды.

Министрлік мәліметінше, оқиға 6 сәуірде күндіз Ташкент-Ош халықаралық тасжолының 259-шақырымында, Камчик асуында болған.

 

Сағат 11:10 шамасында соқтығыс салдарынан жүк көлігі өртеніп, тағы үш көлікті соққан.

 

Оқиға орнынан түсірілген кадрлар әлеуметтік желіде тарап кетті.

 

 

"Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндіру және авариялық-құтқару жасағы жетіп, олар өртті 25 минут ішінде сөндірді. Өртті сөндіру кезінде асудың бір жағы уақытша жабылды", - деп түсіндірді министрлік.

 

 

Қозғалыс 12:30-да қалпына келтірілгені атап өтілді.

 

"Алдын ала мәлімет бойынша, жол-көлік оқиғасы салдарынан 6 адам зардап шекті, олар жақын маңдағы медициналық мекемеге жатқызылды. Өрт толығымен сөндірілгеннен кейін жүргізуші жүк көлігінде қаза тапқаны белгілі болды", - деп толықтырды ведомство өкілдері.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста