Жетісу облысында оқушы көлікпен 4 жасар бүлдіршінді қағып кетті
Жетісу облысында 4 жасар бүлдіршінді көлік қағып кетті. Қайғылы оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Sputnik Қазақстан"-ға сілтеме жасап.
Бейнежазба әлеуметтік желілерде тарап кетті. Онда қатты жылдамдықпен жүрген автокөлік жолдан өтіп бара жатқан баланы қалай қағып кеткені көрінеді.
Жол апаты 23 сәуір күні кешке Сарқан қаласының көшелерінің бірінде болған. Аймақ полициясы ақпаратты растады.
"Сарқан ауданының полицейлері іс жүргізіп жатыр. Қажетті сараптамалар жасалып, сотқа дейінгі тергеу басталды. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды", - деп хабарлады ведомство.
Полиция кәмелетке толмағандарға көлік тізгінін бермеу керектігін ескертеді.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу