Сайлау - 23
Аттестациядан өте алмаған ішкі істер қызметі офицерлерінен мемлекеттің оқытуға жұмсаған қаржысын өндіріп алу дұрыс па?
Бүгінде аттестациядан өте алмаған ішкі істер қызметі офицерлерінен мемлекет­тік оқытуға жұмсаған қаржысын қайыра өндіріп алу мәсе­­ле­сі өзек­­ті болып тұр.
«Тойға арналған әндерді үлкен сахнада айтуға тыйым салу керек» деген пікірмен келісесіз бе?
Қай елде, мейлі қай жерде болмасын, той-думанның әнсіз өтпесі белгілі. Бүгінде той тұтас жанрға айналып, тіпті сахнаны да «басып озған» жайы бар.
Жаяу жүргіншіні қағып, мерт қылған көлік жүргізушісіне 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қолдану дұрыс па?
Елімізде айдың күні аманында жол-көлік оқиғасы салдарынан жол үстінде мыңдаған адам қаза табуда. Осыған байланысты Ішкі істер министрлігі қолданыстағы заңға шұғыл өзгерістер енгізуге кірісіп кетті.
Тұрғындарды су, газ, электр қуатымен қамтамасыз етуді жекеменшіктен алып, мемлекеттік кәсіпорындарға жүктеу керек пе?
Алматы облысының қайсыбір ауылдарында жекеменшік үйлерге газ енгізу құны 300 мың теңгеге дейін шарықтап кеткен. Бұл өз алдына, ендігі кезекте су және электр қуатымен қамтамасыз етуде де біраз дау-дамай туындап тұр.
Телеарналарда жарнаманы бағдарламалар мен фильмдерді үзіп көрсетуге тыйым сала аламыз ба?
Бүгінгі жаһанданған әлемде нарық заңдылықтары үстемдік құрып, сауда-саттыққа серпін беріп отырған жарнама атаулының дәурені жүріп-ақ тұр.
«Қаржылық пирамиданы ұйымдастырушыларды ғана емес, оған қатысушыларды да жазалау керек» деген пікірмен келісесіз бе?
Соңғы үш жылда еліміздің 4 мыңдай азаматы қаржы пирамидасы ұйымдарынан зардап шегіп, ұйымдастырушылардың үстінен 61 іс қозғалған.
Жатақхана бағасын студенттердің оқу үлгеріміне қарай белгілеу керек пе?
Ресейдің білім және ғылым министрі жатақхана бағасын студенттердің оқу үлгеріміне қарай белгілеу туралы ұсыныс айтып отыр. Бұл өзгеріс студенттердің оқу үлгеріміне жақсы жағынан әсер етеді деп күтілуде.
Жалған куәгерлік үшін 13 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастыру туралы ұсыныспен келісесіз бе?
Болашақта сот-тергеу органдарына жалған ақпарат бергендер 13 жылға бас бостандығынан айырылады. Бұл туралы еліміздің Бас прокурорының бірінші орынбасары Иоган Меркель мәлімдеп отыр.
Жапониядағыдай еңбекке, тазалыққа баулу үшін мектепте еден жууды оқушыларға жүктеу керек пе?
Әр елдің бала тәрбиелеу тәртібі әртүрлі. Мысалы, түріктер балаларын туа сала еңбексүйгіштікке үйретеді, ағылшындар пер­зент­­те­­рінің болашақта өз-өзіне сенімді болып өсуі үшін үнемі мақ­тап отырады деген сияқты тағысын тағы.
Колледждерді түгелдей мемлекеттік тапсырыспен жұмыс істеуге көшіру туралы бастаманы қолдайсыз ба?
Еліміздегі колледждерде білім беру жүйесі ақысыз негізге көшуі мүмкін. Ақтөбе қаласына барған сапарында білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов: «Алдағы уақытта Қазақстандағы колледждерде білім беру жүйесі жаппай ақысыз негізде болуы мүмкін.
Туризмге инвестиция салған кәсіпкерлерге арнайы жеңілдіктер жасау керек пе?
Біз қазақ «қонақжаймыз» деп құр мақтанғанымыз болмаса, осы бір қасиетімізді заман талабына сәйкестендіруде дәрменсіздік танытып отырған жайымыз бар.
Көлік салығы көтерілген жағдайда ардагерлер мен мүгедектердің жеңілдіктерін алып тастау керек пе?
Елімізде жаңа жылдан бастап қозғалтқыш көлемі 3 мыңнан бас­тап 4 мың текше сантиметрді құрайтын көліктердің салығы бір­ден төрт жарым есеге қымбаттамақшы.
Телеарналардың бағдарламаларды жеке студияларға тапсырыспен дайындату жүйесі өзін-өзі ақтап отыр ма?
Қазір телеарналардың бағдарламалары жеке студияларға тапсырыс беру нәтижесінде әзірленеді. Алайда бұл жүйенің тиімді не тиімсіз екенін дөп басып айту қиын. Себебі бағасын беретін – көрермен.
Тұрғындардың өз қалауымен емхана таңдау жүйесін қолдайсыз ба?
Елімізде 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі енгізілді. Осы жүйенің аясында тұрғындар медициналық көмек көрсететін емхананы, дәрігерді өзі таңдау құқығына ие болды.
Алдағы уақытта ҰБТ-ны ұлттық тестілеуге ауыстыру білім сапасына игі әсерін тигізе ме?
ҰБТ жүйесі елімізде 2004 жылдан бастап енгізілді. 10 жылға жуық уақыттың ішінде жалпы саны 1 миллион 335 мың түлек ұлттық бірыңғай тестілеуден өткен. Бұл барлық мектеп бітірушілердің 80 пайызын құрайды.
«Жол ережесін бұзғандарға салынатын айыппұл көлемін еселеп арттыру керек» деген пікірді қолдайсыз ба?
Ресми статистикалық мәлімет өткен жылдың сегіз айымен салыстырғанда биылғы жылы орын алған жол-көлік оқиғалары санының 56,4 пайызға (8376-дан 13 108-ге) артқанын көрсетіп отыр.
Мемлекеттік тіл төңірегіндегі заңбұзушылықтар мен қателерді реттеу үшін тіл полициясын құратын кез жеткен жоқ па?
Елімізде мемлекеттік тіл мәселесін шешуге келгенде бір-біріне қарама-қайшы келетін тұстар жетіп-артылады. Нақ қазір республикамыздың ірі-ірі қалаларында тіл төңірегіндегі заңбұзушылықтар мен қателіктер өршіп тұр.
«Нәрестеге төленетін жәрдемақыны анасы жұмысқа шыққанда да тоқтатпау керек» деген ұсыныспен келісесіз бе?
Биыл елімізде тұңғыш рет Отбасы күні тойланды. Осы атаулы күнде ұйымдастырылған биліктегі бірнеше басқосуда ана мен бала мәселесі де қозғалған болатын.
Құрылыс компанияларының үлескерлер алдындағы азаматтық жауапкершілігін сақтандыру мүмкін бе?
Еліміздің Өңірлік даму министрлігі үлескерлік құрылыс қатысушыларының ақшаларын қорғайтын жеке мемлекеттік сақтандырушы компанияны құруды ұсынып отыр.
Еліміздің денсаулық сақтау саласына мемлекеттік-жекеменшік серіктестік енгізу халық үшін тиімді болады деп ойлайсыз ба?
Қазіргі таңда қазақстандық денсаулық сақтау саласының қос алпауыты, яғни мемлекеттік және жекеменшік денсаулық сақтау ұйымдарының бәсекелестікпен жұмыс жасап жатқаны анық.