Сіз естідіңіз бе?
Ұшаққа отырғызу басталмаса да жолаушылар неліктен кезекке тұрады?
Ұшаққа отырғызу басталмаса да жолаушылар неліктен кезекке тұрады?
Жұлдыз-жорамал мінез-құлыққа кері әсер етеді
Астрологиялық болжаммен әуестену адамның мінез-құлқына кері әсер етеді. Мұны Американың Оңтүстік Каролина және Джонс Хопкинс университеттерінің қызметкерлері тәжірибе нәтижесінде дәлелдеді.
Хормен ән айту денсаулыққа пайдалы
Хормен ән айту адамның психологиялық жай-күйін жақсартады. Ұлыбританияның Оксфорд Брукс университетінің ғалымдары хор әнін емдеудің бір түріне айналдыруды ұсынады.
Жүктілік қатерлі ісіктен құтқарды
Америкалық Никола Веллердің жүкті кезінде дәрігерлер оның жатырынан қатерлі ісік тапты. Бірақ жүктіліктің жетінші аптасынан кейін ісік өзінен-өзі жоқ болып кеткен.
Нанобөлшектер бедеуліктің емін тауып беретін болды
Ғалымдар аталық ұрыққа нанобөлшектерді бекітуге қол жеткізді. Бұл – бедеулікті анықтап, жұмыртқа жасушасына дәрі жеткізу үшін қолға алынып отырған әдіс.
Тутанхамон да көлік апатынан өлген болуы мүмкін
Тутанхамон перғауын жауынгерлік арбаның астына түсіп өлген болуы мүмкін. Ағылшын ғалымдары оның жарақаты көлік апатына ұшырағандардың жарақатымен ұқсас екенін анықтады.
Әйелдердің жуан дауыстыны таңдауында мән бар
Қыз-келіншектер жуан дауысты ер адамдарға көбірек қызығады. Бірақ канадалық ғалымдар мұндай ерлердің тұрақсыз келетінін дәлелдеді.
Ғалымдар Жерде қанша жыл өмір қалғанын есептеп шығарды
Жер шарындағы тіршілік әлі 1,75 млрд жылға жетеді. Мұны Шығыс Англия университетінің ғалымдары компьютерлік модельдеу әдісі бойынша анықтады.
Кеселдің алғашқы белгісі жазудан білінеді
Адамның жазуына қарап, онда паркинсон ауруы белгісі бар-жоғын анықтауға болады. Израильдің Хайфа университетінің ғалымдары бұл ауру меңдей бастаған адамдардың жазуы кішірейе түсетініне көз жеткізді.
Тынық мұхитынан әлемдегі ең ірі жанартау табылды
АҚШ пен Жапонияның геологтері Тынық мұхиты түбінен 140 млн жыл бұрын сөнген жанартауды тапты. Ол Жер шарындағы ең ірі жанартау саналып отыр.
Жағымды музыканың шипасы дәрігердің көмегімен тең
Музыка жүрек қызметін жақ­сартып, талмасы бар науқас­тардың жазылып кетуін тездете алады. Сербиялық ғалымдар «сүйікті әуендердің шипасы дәрі­гердің көмегімен тең» деп отыр.
Анорексия ауруы мен ми көлемі арасында байланыс бар
Ми бөліктері үлкейген адамдар анорексия ауруына бейім келеді. Мeddaily.ru-дың хабарлауынша, науқас және сау қыз балалар миына салыстыра талдау жүргізген
Жас шақтағы жағымсыз әдеттер ақылдан ерте айырады
Жасөспірім кезінде спиртті ішімдікті көп ішкен адамда деменция ауруы ерте басталуы мүмкін. Швецияда 500 мың адамның медициналық мәліметіне жүргізілген талдаудың нәтижесі осыған көз жеткізді.
Шаштың түсі мен қатерлі ісік арасында байланыс бар
Жирен шашты ер адамдар аталық без қатерлі ісігіне өте сирек шалдығады. Американың Луисвилл университетінің дәрігерлері қатерлі ауру мен шаш реңіне жауапты ген арасында байланыс барын дәлелдеді.
Адамзаттың Даун ауруын жеңетін күні жақын
Массачусетс университеті Медицина мектебінің ға­лым­дары Даун синдромын ауыздықтауға болатынын жа­рия етті. Ғалымдар аурудың дамуына себеп болатын хро­мо­соманың артық көшірмесін алып тастауға қол жет­кізді.
Қытай жазуының тарихы тереңдей түсті
Қытайдың шығысынан көне жазу үлгілері табылды. Ғалымдардың анықтауынша, жәдігерлер­дегі таңбалар шамамен 5000 жыл бұрын салынған.
Ең алып гүл гүлдеді
Әлемдегі ең үлкен гүл саналатын Titan Arum гүлдеді. Ол Бельгияның Мейзе қаласындағы Ұлттық ботаникалық бақта өсіп тұр.
Адамдар топастанып барады
Адамзат баласы жүзжылдық сайын зеректігінен айырылып барады. Виктория дәуіріндегі (1837-1901) және қазіргі адамдардың түрлі жағдайларға әрекет ету жылдамдықтарын зерттеген ағылшын ғалымдары осындай тұжырым жасады.
Сыраға деген құмарлықтың сыры ашылды
Мedportal.ru-дың мәлімдеуінше, сыраның өзіне тартатын қасиеті иісі мен дәмінде. Ал құрамындағы қоспалар адамның миына қатты әзер етіп, мастыққа итермелейді.
Жүктілікке қарсы дәрілер талғамды өзгертеді екен
Жүктіліктен сақтайтын дәрі-дәрмектер әйелдердің ерлерге қатысты тал­­ға­мын өзгертеді. 18-24 жас аралығындағы қыз-келіншектер қатысқан зерттеудің нәтижесінде контрацептивтердің ерекше бір қасиеті белгілі бол­ды.